Бұталы раушандардың аурулары және олардың саңырауқұлақ ауруларына генетикалық төзімділігі

Авторы

  • Сабитова З. Д. С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті
  • Мырзабаева М. Т. С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті
  • Гаджимурадова А. М. С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті
  • Куровский А. В. Томск мемлекеттік университеті

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.51452/kazatu.2024.4(123).1777

Ключевые слова:

ақ ұнтақ; қара дақ; раушан; тат саңырауқұлағы.

Аннотация

Сәндік өсімдіктер қалалық ландшафттарда көгалдандыру және коммерциялық мақсатта өсіріледі. Олар эстетикалық қасиеттері үшін жоғары бағаланады және әлемдік бау-бақша өнеркәсібінің маңызды бөлігін құрайды. Әртүрлі фитопатогенді микроорганизмдер қоздырғыштары әсерінен сәндік өсімдіктер құндылығын жоғалтады, көшет материалдарының сапасын да төмендетіп үлкен экономикалық зиян келтіреді. Соның ішінде раушан гүлдері ең танымал сәндік өсімдігі болып табылады. Соңғы жылдары сәндік өсімдіктер нарығының айтарлықтай өсуі саңырауқұлақ қоздырғыштарының таралуына ықпал етті. Сондықтан да осы өсімдіктерге фитопатогендердің түрлілігі туралы мәліметтерді жүйелеу өзекті ғылыми-зерттеу міндеті болып табылады. Бұл шолуда аталмыш қоздырғыштардың әртүрлілігін және олардың жоғарыда аталған сәндік өсімдіктерге кері әсерін сипаттадық.

Загрузки

Опубликован

2024-12-30