ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ (ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТ)
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.51452/kazatu.2021.1(108).168Ключевые слова:
жергілікті өзін-өзі басқару, мемлекеттік басқару органдары, жергілікті мемлекеттік басқару, биліктің өкілеттіктерінің бөлінуі,Аннотация
Мақалада теориялық тұрғыдан жергілікті өзін-өзі басқарудың тұжырымдамасы, мәні және оны ұйымдастыру принциптері, орталық билік пен жергілікті өзін-өзі басқару арасындағы өкілеттіктерді бөлу мәселелері қарастырылған. Билік вертикалын тиімді басқарудың бірқатар негізгі және маңызды мәселелері елде әлі дешешілмегені айтылған, атап айтқанда, ол атқарушы биліктің халық алдындағы іс жүзінде есеп бермеуі, басқарудың төменгі деңгейлеріндегі нақты белгіленген функциялар мен өкілеттіктердің болмауы.Басқа елдердегі аймақтық басқарудың даму тәжірибесі негізінде басқаруды орталықсыздандыруды талап ететіні, жергілікті органдарға бағынышты аймақтарды дамытудың әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешуде үлкен құқықтар мен өкілеттіктер беру қажеттілігі анықталып, растаталған.Жергілікті деңгейдегі қазіргі қалыптасқан жағдай атқарушы билік өкілетті билікке қарағанда абсолютті басымдыққа иеболған жағдай деп сипатталған. Жергілікті өзін-өзі басқаруды басқа мемлекеттік басқару органдарынан ажырататын критерийлер анықталған. «Жергілікті өзін-өзі басқару» ұғымының анықтамасына критерийлерді ескере отырып, авторлық түсініктемесіберілген. Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін реформалаудың қажеттілігі мен бағыттары негізделген. Билік өкілеттіктерін бөлу бюджетаралық қатынастар жүйесін жетілдірумен қатар жүргізілуі керек екендігі дәлелденген. Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін ұйымдастыру және оның қызметі белгілі бір қағидаттарға негізделуі керек екендігі дәйекті түрде көрсетілген. Тұжырымдама ретіндежергілікті өзін-өзі басқарушылық жүйеге түсініктеме берілген – ол шаруашылық тұрғыдан қарағанда дамыған бір территорияда тұрақты тұру нәтижесінде және байланыстар, қатынастар және өзара қатынастар жүйесімен біріктірілген адамдардың тарихи қалыптасқан және үздіксіз дамып келе жатқан тұрақты жиынтығы, яғниұйымдастыру негізін адамдардың аймақтық (территориялық) қауымдастығы құрайтын өзін-өзі басқарушылық жүйе.