«АЙНА» ЖШС СҮТ ФЕРМАСЫНДА ӨСІРІЛЕТІН ГОЛШТИН ІРІ ҚАРА ТҰҚЫМЫНЫҢ ӘР ТҮРЛІ ГЕНЕРАЦИЯДАҒЫ ЭКСТЕРЬЕРІ МЕН СҮТ ӨНІМДІЛІГІ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.51452/kazatu.2021.1(108).160Ключевые слова:
тұмса сиырлар, экстерьер, дене бітімінің өлшемдері, дене бітімінің индексі, голштейн тұқымы, сүт өнімділігі, сүттің химиялық құрамы.Аннотация
Зерттеу түрлі генерациядағы сиырлардың сызықтық өлшемдері әртүрлі болатынын көрсетті. Екінші генерациядағы тұмса сиырлар өз жасындағы сиырлардан келесі көрсеткіштер бойынша асып түсті: шоқтығының биіктігі бойынша бірінші генерациядағы сиырлардан 1,9 см, үшінші генерациядағы сиырлардан 1,4 см, кеуде кеңдігі бойынша 0,12-2,27 см, тұрқының қиғаш ұзындығы бойынша 1,27-6,34 см. Мықын сүйегі арасындағы қашықтық бойынша үшінші генерациядағы сиырлардан 0,23-0,58 см. асып түссе, бірінші генерациядағы сиырлардан 0,46 см кем болды. Жіліншік орамы бойынша үшінші генерациядағы сиырлар бірінші генерациядағы сиырлардан 0,41 см артық, екінші генерациядағы сиырлардан 0,37-0,45 см кіші болды. Үш түрлі генерациядағы голштин тұқымы сиырлары дене индекстері бойынша сүтті бағыттағы малдарға сәйкес пропорционалды денелі екенін көреміз. Бірінші генерациядағы сиырлардың сүт өнімділігі 5253 кг, сүт майлылығы 3,22%, құрамындағы лактоза бойынша 4,81%, ақуыз бойынша 3,19% тең, екінші генерациядағы сиырлардың сүт өнімділігі 5230 кг, майлылығы 3,2%, ақуыз 3,11%, лактоза 4,96% тең, үшінші генерациядағы сиырлардың сүт өнімділігі 5378 кг, майлылығы 3,38%, құрамындағы ақуыз бойынша 3,22%, лактоза бойынша 4,91% тең болды.