СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚҰРҒАҚ ДАЛА АЙМАҒЫ ЖАҒДАЙЫНДА АСТЫҚ ДАҚЫЛДАРЫНЫҢ ӨНІМІН ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА АГРОТЕХНИКАЛЫҚ ТӘСІЛДЕРДІҢ ӘСЕРІН ЗЕРТТЕУ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.51452/kazatu.2023.4(119).1583Ключевые слова:
дақыл; сорт; тыңайтқыш аясы; себу мерзімі; себу мөлшері; өнімділік құрылым элементтері; өнімділік.Аннотация
Мақалада «Smart-жүйелерді құру мақсатында АӨК субъектілері үшін агротехнологиялар бойынша ғылыми техникалық құжаттаманың ақпараттық базасын қалыптастыра отырып, ауыл шаруашылығы дақылдарының өсуі мен дамуының DSSAT моделін, Smart-технологиялар негізінде мал шаруашылығы өнімдерін өндіруді басқарудың интеграцияланған жүйесін бейімдеу негізінде ауыл шаруашылығы дақылдарының негізгі түрлерін өндіру үшін шешімдер қабылдау жүйесін құру» бағдарламасы бойынша «А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми- өндірістік орталығы» ЖШС жағдайында дәнді дақылдарды зерттеу нәтижелері келтірілген. Зерттеудің негізгі мақсаты Солтүстік Қазақстан жағдайында әртүрлі себу мерзімдері, себу мөлшері мен тыңайтқыш аясында әртүрлі дәнді дақылдардың сорттарын зерттеу. Зерттеулер нәтижесінде өнімділік көрсеткіші сорт, себу мерзіміне және тыңайтқыш аясына байланысты ерекшеленетіні анықталды. Зерттеудегі көрсеткіштердің барлығы өнімді жоғарлату мақсатында жүргізілді. Өнімділік құрылымының негізгі элементтерінен және сорттарды өсіру жағдайларына байланысты дақылдардың өнімділігінің айырмашылығы байқалды. Зерттеудегі барлық факторлар жоғары өнімділікті қалыптастыруға әсер етеді деген қорытынды жасауға болады.