ДӘНДІ АЗЫҚТЫҢ ВИТАМИНДІ-МИНЕРАЛДЫҚ ҚҰРАМЫНА ЭКСТРУЗИЯ ҮРДІСІНІҢ ӘСЕРІ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.51452/kazatu.2023.3(118).1486Ключевые слова:
экструзия; азық құрамы; премикс; витаминдер; минералдарАннотация
Мақалада дәнді азықтың витаминді-минералды құрамына экструзия үрдісінің әсері туралы зерттеулердің нәтижелері берілген. Бақылау (CON) астық шикізатының (80% арпа және 20% бидай) қоспасынан алынған үлгі болды, ол 3 үлгімен салыстырылды: экструдталған астық шикізаты (Ext), экструзия үрдісіне дейін премикс қосылған шикізат (CON+P+b), экструзия үрдісіне дейін премикс қосылған экструдталған шикізат (Ext+P+a). Экструдталған үлгілерді дайындау өнімділігі 350 кг/сағ экструдерде 100-105 ℃ температурада, 30-50 атм қысымда, 3-5 секунд экспозиция уақытында грануляторды қолдану арқылы жүзеге асырылды. Біздің зерттеулеріміздің нәтижесі Ext үлгісінде витаминдердің мөлшері орта есеппен 2,8 есеге, минералдық құрамы 7%-ға төмендегенін көрсетті. CON+P+b үлгісінде витаминдік құрамы іс жүзінде бұрынғы деңгейде қалды. Ext+P+a үлгісінде дәрумендердің құрамы Ext-мен салыстырғанда 58%-ға өсті, ал минералдық құрамы CON-ға қарағанда орта есеппен 20%-ға жоғары болды. Біздің зерттеулеріміздің нәтижелері бойынша дәнді азық өндірісінде экструзиялық үрдісінен кейін премиксті қосу ұсынылады, өйткені бұл витаминдердің көбірек сақталуына ықпал етеді және дәнді азықтың минералды құрамын арттырады