САУЛЫҚТАРДЫҢ ЖАСЫ ЖӘНЕ САУЫН МАУСЫМЫНА БАЙЛАНЫСТЫ СҮТ ӨНІМДІЛІГІ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.51452/kazatu.2021.1(108).148Ключевые слова:
қой шаруашылығы, қой сүті, сүт өнімділігі, сауын маусымы, қазақтың құйрықты қылшық жүнді тұқымы, қазақтың құйрықты ұяң жүнді тұқымыАннотация
Етті-майлы бағыттағы саулықтардың, атап айтқанда, қазақты құйрықты қылшық жүнді және қазақтың құйрықты ұяң жүнді тұқымы саулықтарының сүт өнімділігі зерттелді. Зерттеу нәтижесінде қазақтың құйрықты қылшық жүнді саулықтарының екінші лактациядағы сүт өнімділігі 95 кг, ал қазақтың құйрықты ұяң жүнді саулықтарында 102 кг, үшінші лактацияда қазақтың құйрықты ұяң жүнді тұқымы саулықтарында 110 кг, қазақтың құйрықты қылшық жүнді сулықтарында 6 кг-ға кем, сәйкесінше 104 кг құрағаны анықталды. Үшінші лактациядағы қазақтың құйрықты ұяң жүнді тұқымы саулықтарының орташа тәуліктік сауымы орта есеппен 0,905 кг құрады, ал қазақтың құйрықты қылшық жүнді саулықтарыныңорташа тәуліктік сауымы 0,059 кг-ға кем, сәйкесінше 0,846 кг құрады. Физика-химиялық талдау нәтижелері, атап айтқанда, қой сүтіндегі майдың массалық үлесі, жануардың тұқымына байланысты орта есеппен 8,39-дан 9,13% - ға дейін ауытқитынын көрсеткен. Қой сүтінің титрленетін қышқылдығының орташа көрсеткіші 22-ден 23 °Т аралығында ауытқиды.