ОРГАНИКАЛЫҚ ЕГЕНШІЛІККЕ ҚОЛДАНУ ҮШІН КҮЗДІК БИДАЙДЫҢ ИНТРОГРЕССИВТІ ЖЕЛІЛЕРІНІҢ ҚАТТЫ ҚАРА КҮЙЕ TILLETIA CARIES (DC.) ҚОЗДЫРҒЫШЫНА ТӨЗІМДІЛІК ГЕНДЕРІН ЗЕРТТЕУ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.51452/kazatu.2023.3(118).1471Ключевые слова:
бидайдың интрогрессивті желілері; SSR маркерлер; төзімділік гендері; қатты қаракүйе; ПТР; генАннотация
Бидайдың қатты қара күйе ауруы – бүкіл әлем бойынша бидай өндірісіндегі ең зиянды аурулардың бірі. Қоздырғышы -Tilletia caries (DC.) саңырауқұлағы. Бұл аурумен күресудің тиімді әдістерінің бірі-бидайдың қатты қара күйе ауруына
генетикалық төзімді жаңа сорттарын шығару және енгізу болып табылады. Қатты қара күйе ауруына төзімді генотиптерді таңдау мәселелерін шешу үшін бидайдың селекциялық процесінде жоғары тиімді ДНҚ маркерлерін қолдану өзекті болып табылады. Бұл зерттеудің мақсаты органикалық егіншіліктің табиғи фонында бидайдың селекциялық үлгілерін қара күйе ауруына төзімділігін бағалап, ДНҚ маркерлерін қолдана отырып, Bt9, Bt8, Bt10 және Bt11 гендері бойынша анықтау. Зерттеу материалы ретінде жабайы туыстарымен будандастыру негізінде алынған «Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС коллекциясынан алынған күздік бидайдың 16 интрогрессивті желілері пайдаланылды. Жұмыста екі SSR маркері қолданылды - Xgwm114 және Xgpw7433. 16 селекциялық үлгілердің қатты қара күйе ауруына төзімділігі бойынша молекулярлық-генетикалық таңбалануы Bt9, Bt8, Bt10 және Bt11 гендер кешені бар күздік бидайдың екі интрогрессивті үлгілерін (1127-7, 2041-7) анықтауға мүмкіндік берді. Xgpw7433 маркерін қолдану Bt9 генінің екі тасымалдаушысын анықтауға мүмкіндік берді (1127-7, 2041-7). Xgwm114 маркерін қолдана отырып, Bt8,Bt10, Bt11 қара күйе ауруына төзімділік гендері бар тоғыз үлгі анықталды (1127-7, 1675-170, 1717-27, 1723-11, 2005-1 2005-13, 2041-7, 2046-1, KZ231). Органикалық егіншілік жағдайында зерттелген барлық 16 желіге қара күйе ауруының қоздырғыштары әсер етпегені анықталды. Күздік бидайдың ерекше интрогрессивті үлгілері қара күйе ауруына төзімділік көрсеткен құнды донорлық және бастапқы материал болып табылады. Бұл желілер органикалық егіншілікте қолдану үшін үлкен практикалық мәнге ие болуы мүмкін.