АҚМОЛА ОБЛЫСЫ «АЙНА» СҮТ ФЕРМАСЫНДАҒЫ» ГОЛШТИН ТҰҚЫМДЫ САУЫН СИЫРЛАРЫНЫҢ АЗЫҚТАНДЫРУ РАЦИОНЫНЫҢ ҚҰНАРЛЫЛЫҒЫН БАҒАЛАУ

Авторы

  • Айтмуханбетов Д. К. Казахский агротехнический исследовательский университет им.С.Сейфуллина
  • Бостанова С. К. Казахский агротехнический исследовательский университет им.С.Сейфуллина
  • Ускенов Р. Б. Казахский агротехнический исследовательский университет им. С.Сейфуллина
  • Шарипова Г. Ф. Казахский агротехнический исследовательский университет им. С.Сейфуллина
  • Каткешова Е. А. Казахский агротехнический исследовательский университет им. С.Сейфуллина

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.51452/kazatu.2023.3(118).1455

Ключевые слова:

сүтті ірі қара мал; сүт өнімділігі; азықтандыру; диета; шикі ақуыз; крахмал; шикі талшық

Аннотация

Сүт өнімділігі бір лактацияда 7000 кг-нан асатын шетелдік селекцияның сүтті ірі қарасы тиісті деңгейде азықтандыруды қажет етеді. Осыған байланысты Америка Құрама Штаттарының ауыл шаруашылығы және ұлттық ресурстар кеңесінің жетекшілігімен құрастырылған NRC - Сүтті ірі қара малының қоректік заттарға қажеттілік нормалары (Nutrient requirements of dairy cattle) ғылымының заманауи жетістіктеріне сәйкес сауын сиырларды азықтандыру стандарттарын қайта қарау қажеттілігі туындады. Бұл стандарттарда Америка Құрама Штаттарында сиырдың бір жылдық лактациясын 10000 кг-ға жеткізуге мүмкіндік берген сауын және буаз сиырларды, тайыншаларды азықтандырудың соңғы жетістіктері қолданылады. Зерттеудің мақсаты – «Айна» сүт фермасы» ЖШС сауын сиырларының рациондарының азықтық құндылығын зерттеу және оларды NRC стандарттарына сәйкестендіру. «Айна» сүт фермасы» ЖШС жоғары өнімді сиырлардың рационында зерттеу басталғанға дейін Қазақстан Республикасының Солтүстік өңіріндегі сүтті-тауарлы фермаларына тән жағдай болды, атап айтқанда: құрғақ заттағы шикі ақуыздың төмендігі (12- 15%) және шикі талшықтың жоғарылығы (25-40%). Бұл рационды қолдану барысында сүт өнімділігінің төменділігі байқалды. «Айна» сүт фермасы» ЖШС-нің сауын сиырларының азықтандыру рационын NRC стандарттарына сәйкес түзету, атап айтқанда, құрғақ заттағы шикі ақуызды 15,3%-дан 16,6%-ға, крахмалды 19,2%-дан 33%-ға дейін, жалпы энергияны 9,83 МДж/кг-нан 10,6 МДж/кг арттыру тәуліктік сүт өнімділігін 2022 жылғы қыркүйектегі 19,21 кг-нан 2023 жылғы наурызда 28,8 кг-ға дейін арттыруға мүмкіндік берді. Бұл сауын сиырларды лактация кезеңінде қажетті қоректік заттармен және энергиямен жеткілікті мөлшерде қамтамасыз ету - біздің
республикамыздың солтүстік өңірінде қолда бар жемшөптік және климаттық жағдайда голштейн тұқымының генетикалық әлеуетін толық көрсетуге мүмкіндік беретінін көрсетеді.

Загрузки

Опубликован

2023-09-28