ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУМАҒЫ ҮШІН КАРТОП ТҮЙНЕКТЕРІНІҢ ҰРШЫҚ ТӘРІЗДІЛІГІ ВИРОИДЫНЫҢ (POTATO SPINDLE TUBER VIROID, PSTVD) ФИТОСАНИТАРИЯЛЫҚ ТӘУЕКЕЛГЕ ЭКСПРЕСС-ТАЛДАУ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.51452/kazatu.2023.3(118).1440Ключевые слова:
картоп түйнектерінің ұршық тәрізді вироиді; фитосанитариялық тәуекелге экспресс-талдау; диагностика; кері транскрипті полимеразды тізбекті реакция; өсімдік карантині; картоп сорттары мен гибридтеріАннотация
Мақалада Қазақстан Республикасының аумағы үшін қауіпті карантиндік объект – картоп түйнектерінің ұршық тәрізді вироидін болуына кері транскрипті полимеразды тізбекті реакция әдісімен алты түрлі праймер жұбын қолдана отырып картоптың сұрыптық үлгілерін талдау нәтижелері келтірілген. «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» Коммерциялық емес акционерлік қоғамының картоп сорттары мен гибридтерінің жұмыс коллекциясында қазақстандық және шетелдік селекциясының 2021 жылы 1 үлгі және 2022 жылы 19 үлгіден картоп түйнектерінің ұршық тәрізді вироидіне тән молекулярлық масса фрагменттері бар үлгілері анықталған.
Картоп түйнектерінің ұршық тәрізді вироидінің анықталу жағдайы елімізге фитосанитариялық тәуекелділікке экспресс-талдау жүргізу үшін дабыл ретінде қызмет етті. ЕӨҚКҰ PM 5/5 (1) «Фитосанитариялық тәуекелді талдау жөніндегі нұсқаулығы: фитосанитариялық тәуекелді экспресс-талдауға арналған шешімді қолдау схемасы» стандартына сәйкес фитосанитариялық тәуекелділікті экспресс-талдаудың түйіндемесін қалыптастырды. Талдау нәтижелері елдегі карантиндік нысанның мәртебесін өзгерту қажеттілігін растайды. Түйіндемеде қалыптастырылған зерттеу нәтижелері тиісті өсімдіктер карантині органдарына берілетін болады.