СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАННЫҢ АГРАРЛЫҚ КӘСІПОРЫНДАРЫ ҮШІН БАСҚАРУШЫЛЫҚ ШЕШІМДЕР ҚАБЫЛДАУДЫҢ ТҰЖЫРЫМДАМАЛАРЫ МЕН МОДЕЛЬДЕРІ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.51452/kazatu.2020.4(107).138Ключевые слова:
шешім қабылдау модельдері; шешім қабылдау тұжырымдамалары; көп өлшемді міндеттер; иерархияларды талдау әдісі.Аннотация
Мақала көптеген критерийлер мен сараптамалық ақпараттың болуы жағдайында өндірістің оңтайлы сценарийлерін анықтау үшін Солтүстік Қазақстанның аграрлық кәсіпорындары үшін басқарушылық шешімдер қабылдау процестерін іске асырудың әдіснамалық аспектілерін талдауға арналған. Ауыл шаруашылығы салаларында өндірістің түрлі аспектілері бойынша басқарушылық шешімдер қабылдау үшін иерархияларды талдау әдісін пайдаланудың халықаралық тәжірибесі талқылануда. Пайдалылықты барынша арттыру тұжырымдамасына және шектеулі рационалдылық тұжырымдамасына салыстырмалы талдау жасалды. Ауылшаруашылық кәсіпорындарын өндірудің оңтайлы көп факторлы сценарийлерін анықтау бойынша шешімдер қабылдау үшін басқарушылық шешімдер қабылдаудың максималды пайдалылығы тұжырымдамасын қолданған жөн. Солтүстік Қазақстанның агрокәсіпорындарында өндірісті ұтымды ұйымдастыру бойынша ШҚҚ АТЖ әзірлеу үшін басымдық қағидалары мен баламалардың әрқайсысы үшін айқындалатын критериалды бағалауды есептеу тәсілдерін қамтитын шешімдер қабылдаудың белгілі (нормативтік) әдістерін қолдануды көздейтін нормативтік модельді пайдалану ұсынылды. Солтүстік Қазақстанның ауыл шаруашылығы объектілерінің жұмыс істеу сценарийлерін айқындайтын көп өлшемділік және сараптамалық бағалардың болуы шарттары үшін АТЖ іске асырудың Жол картасы ұсынылды.