БАҚША ДАҚЫЛДАРЫНАН ШЫРЫН ДАЙЫНДАУҒА АРНАЛҒАН КОНЦЕНТРАТ ӘЗІРЛЕУ ӘДІСІ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.51452/kazatu.2023.1(116).1344Ключевые слова:
концентрат бақша дақылдары қауіпсіздік органолептикалық көрсеткіштер ; микробиологиялық көрсеткіштер ; тех нологияАннотация
Бақша дақылдарын азық-түлік өнімдерін өндіру үшін пайдалану уақыты шектеулі, өйткені бақша дақылдары: қарбыз, қауын және асқабақ маусымдық өнім болып табылады. Осы себепті зерттеудің ғылыми өзектілігі бақша дақылдарын ұтымды және кеңінен қолдану үшін концентрат дайындаудың тиімді технологиясын әзірлеу. Жұмыстың тақырыбы бақша дақылдарынан шырын дайындауға арналған концентрат әзірлеу әдісі. Зерттеу жұмысы 2021-2022 жылдар аралығын қамтыды. Ғылыми зерттеудің мәні бақша дақылдарын тиімді қайта өңдеу. Зерттеудің ғылыми және практикалық маңыздылығы бақша дақылдары қарбыз, қауын және асқабақтан тағамдық құндылығы жоғары, табиғи шырын дайындауға арналған концентрат дайындау технологиясын әзірлеу, концентраттарды дайындаудың оңтайлы режимдері мен параметрлерін анықтау және олардың сапалық (органолептикалық, физико-химиялық және микробиологиялық) көрсеткіштерімен дәрумендер құрамын зерттеуде. Зерттеу нәтижесінде органолептикалық көрсеткіштер бойынша барлық концентрат үлгілерінде консистенция біркелкі, тұтқыр масса, түсі біркелкі және қайнату процесінде барлық концентраттар сәл күңгірттенді. Құрғақ заттардың мөлшері 36,7-40,73%, қышқылдығы 7,0-10,00Т дейін болды. Шырын дайындауға арналған концентраттардың микробиологиялық көрсеткіштері санитарлық ережелер мен нормалар 2.3.2.1078-01талаптарына қойылатын қауіпсіздік көрсеткіштеріне сәйкес келді. Және концентраттардағы дәрумендер мен минералды заттар құрамы талданды. Зерттеу қорытындысы бақша дақылдарынан дайындалған концентраттарды қалпына келтірілген шырын алу үшін пайдалануға болатынын көрсетті. Дайын концентраттар жоғарғы сапалық көрсеткіштерге ие және шырындардың ассортиментін кеңейтуге арналған.