ЖАЗДЫҚ ЖҰМСАҚ БИДАЙДЫҢ КЕЛЕШЕГІ БАР СЕЛЕКЦИЯЛЫҚ МАТЕРИАЛЫ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.51452/kazatu.2023.1(116).1308Ключевые слова:
жаздық жұмсақ бидай; сұрыптау; өнімділік; астық сапасы; клейковина мөлшері; дән шынылығы; келешегі бар линияларАннотация
Солтүстік Қазақстанның күрт континентальды климаты жағдайында бидай өнімділігін арттыру үшін селекциялық бағдарламаларда селекционерлердің назарын сыртқы ортаның шектеуші факторларына төзімді, бәсекеге қабілетті сорттарды шығаруға аудару қажет. Зерттеудің мақсаты мемлекеттік сұрыптық сынаққа беру үшін жоғары өнімді, жақсы тауарлық сапа көрсеткіштерімен сипатталатын жаздық жұмсақ бидайдың келешегі бар селекциялық жадығаттарын іріктеу болды. Зерттеу әдістемесі селекциялық бағдарламаларда жалпы қабылданған. Фенологиялық бақылаулар (егін көгі, масақтану, пісіп-жетілу), құрғақшылыққа төзімділік, жатып қалуға төзімділігі Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сорт сынауын жүргізу әдістемесіне сәйкес орындалды. Астық сорттарының тауарлық классификациясы СТРК 1046-2008 ұлттық стандартының талаптары негізінде жүргізілді, классификациялық стандарттар негізінде нан пісіру сапасы анықталды. Жаздық жұмсақ бидайдың 20 үлгісін зерттеу 2020-2022 жылдары «А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС тәжірибелік танаптарында жүргізілді. Үш жылдық зерттеу барысында жаздық жұмсақ бидайдың 20 үлгісінен өнімділігі бойынша 7 үлгі ерекшеленді: 342/08; 233/10; 241/14; 189/14; 182/14; 143/09 және 83/05. Астық сапа көрсеткіштері бойынша күшті бидай қатарына жататын 2 үлгі бөлінді: 342/08 және 143/09. Шаруашылық құнды белгілер кешені бойынша келешегі бар 2 линиялар таңдалды: 342/08 және 143/09, олар мемлекеттік сортсынауға ұсынылатын болады.