ДӘСТҮРЛІ ЕМЕС ШИКІЗАТТЫҢ ӘРТҮРЛІ ДОЗАЛАРЫНЫҢ ГЛЮТЕНСІЗ МАКАРОН ӨНІМДЕРІН КЕПТІРУ ЖЫЛДАМДЫҒЫНА ӘСЕРІН ЗЕРТТЕУ

Авторы

  • Қабылда А. И. «Қазақ қайта өңдеу және тағам өнеркәсібі ғылыми зерттеу институты» ЖШС Астана филиалы
  • Сағынтай Ф. С. Алматы технологиялық университеті
  • Изтаев А. И. Алматы технологиялық университеті
  • Муслимов Н. Ж. «Қазақ қайта өңдеу және тағам өнеркәсібі ғылыми зерттеу институты» ЖШС
  • Джахангирова Г. З. Ташкент химия-технологиялық институты
  • Қажыбекова А. С. «Қазақ қайта өңдеу және тағам өнеркәсібі ғылыми зерттеу институты» ЖШС Астана филиалы

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.51452/kazatu.2023.1(116).1300

Ключевые слова:

макарон өнімдері; дәстүрлі емес шикізат; глютенсіз өнімдер; функционалды тамақтану; кептіру жылдамдығы; рецепт; тағамдық құндылық.

Аннотация

Макарон өнімдері жоғары тағамдық құндылығына, пісірудің қарапайымдылығына сәйкес ең танымал тағамдардың бірі ретінде саналады, сонымен қатар олардың сақтау мерзімі біршама ұзақ. Соңғы жылдары макарон өнімдеріне әр түрлі қосымша шикізатты қолдану арқылы оның ассортименті едәуір кеңейді. Қосымша компоненттердің әрқайсысы макарон өнімдерінің ассортиментін кеңейтуге мүмкіндік беріп қана қоймай, халықтың барлық топтарының қажеттіліктерін қанағаттандырады. Глютенсіз тағамдардың құрылымын жақсартудың ең оңай жолы - басқа функционалды ингредиенттерді қосу немесе бидай ұнын балама тағаммен алмастыру, яғни глютенсіз шикізатты қосу. Құрамында глютені жоқ дақылдар ретінде Қазақстан территорисында өскен, жүгері, қарақұмық, ноқат, соя алынды. Осы отандық дақылдарды негізге ала отырып, глютенсіз макарон өнімдерін жасалынды. Бұл мақалада глютенсіз макаронның кептіру жылдамдығына әртүрлі дозалардың әсері қарастырылады.

Загрузки

Опубликован

2023-03-27