МАЙ ҚЫШҚЫЛДАРЫНЫҢ ТЕҢДЕСТІРІЛГЕН ҚҰРАМЫ БАР ФУНКЦИОНАЛДЫ СПРЕДТІҢ ҚҰРАМДАС БӨЛІКТЕРІНІҢ АРАҚАТЫНАСЫН ОҢТАЙЛАНДЫРУ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.51452/kazatu.2023.1(116).1289Ключевые слова:
спред; майқышқылды құрамы; математикалық анализ; функционалды; теңдестірілген, құрамдас; рототабельді.Аннотация
Бұл мақалада құрамы мен қасиеттері өзгерген жаңа сапалы сүт өнімдерін құрудың перспективалық бағыты болып табылатын сүт және өсімдік шикізатын біріктіру көрсетілген. Осыған байланысты спред компоненттерін оңтайландыру үшін екінші ретті айналмалы жоспарлау әдісі (айналмалы Бокс жоспары) қолданылды. Бұл әдіс бір немесе бірнеше маңызды факторларға сәйкес осы өнімдерге кіретін ингредиенттерді өзара оңтайландыруға нақты мүмкіндік береді және теңдестірілген құрамы бар өнімдерді, соның ішінде арнайы әзірленген функционалды мақсаты бар өнімді анықтайды. Осы комбинацияның арқасында берілген құрам мен сапаның өнімі алынды. Алынған мәндер бойынша оңтайлы нүктелер анықталды: өсімдік майының дозасы - 21%, спредтің майлылығы - 70% компоненттерді араластыру температурасында - 34℃. Алынған функционалды спред барлық органолептикалық көрсеткіштер бойынша стандартты және тұрақты және адам рационында күнделікті қолдануға жарамды. Сүт өнімдеріндегі май компоненттерінің сапасын сипаттай отырып, математикалық талдау әдісін қолдана отырып, жаңа өнімдердегі май қышқылдарының құрамын зерттеу және оңтайландыру өте өзекті мәселе екенін атап өткен жөн.