МАЙ АЛЫНАТЫН ӨСІМДІК ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ МЕН ӨҢДЕУ ӘДІСТЕРІН ЖЕТІЛДІРУ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.47100/herald.v1i2.79Ключевые слова:
әдіс, құрылғы, майлы өсімдік өнімдерін жинау, еңбек сыйымдылығы, механикалық тарау, өңдеу, жидектерді қайта өңдеу технологиясы, майлы фракциялар, шырын, өнімділікті арттыруАннотация
Мақалада шырғанақ, қарақат және қарлыған мысалында бұталардан жидектерді жинау мен оларды өңдеу әдістерінің ерекшеліктері және осы өсімдік шикізаттарынан май, өсімдік шырынын және дәрулік тұнбаларды алу жолдары қарастырылады. Жидектерді теруге қазіргі қолданыстағы көп уақытты қажет ететін әдістер мен құрылғыларға шолу және талдау жасалынған. Жидектердің жинау өнімділігін арттыру үшін және өсімдіктердің жеміс беретін бұтақтарының қабығын сақтап, келесі жылы өнім жинауды қамтамасыз ету үшін жидектерді жинаудың жетілдірілген әдісі ұсынылған. Ұсынылған
механикалық сыпыру әдісі жеміс беретін бұталардан жемістерді сыпыруды бұтақтардың ұзындықтарын ескеретін арнайы қысқыштары бар телескопиялық қондырғыларды қолдану арқылы жүзеге асырылады. Жиналған жидектерді өңдеу үшін, яғни майлы өсімдіктерден май фракцияларын бөліп алу үшін бастапқыда шырындарды сығып алып, содан кейін жемістің сығудан пайда болған жұмсақ қалдықтарын суықтай импульстік әдіспен сығып, алынған тұқымдар мен жартылай фабрикаттарды ұсақ тазартуды сүзгіден өткізгеннен кейін арнайы контейнерлерде майдың екі түрі алынады. Ұсынылған әдісті қолдану нәтижесінде майдың екі түрін, өсімдік шырынын және әртүрлі дәрулік тұнбаларды дайындаудың шикізаты
жапырақтарды аламыз.