БИОЛОГИЯЛЫҚ ТҮРЛЕРДІҢ ПОПУЛЯЦИЯСЫНЫҢ МАТЕМАТИКАЛЫҚ МОДЕЛЬДЕРІН САНДЫҚ ӘДІСТЕР КӨМЕГІМЕН ЗЕРТТЕУ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.47100/herald.v1i2.80Ключевые слова:
Популяциялардың еркін өсуі, популяциялардың логистикалық моделі, Mathcad пакеті, сандық әдістер, модельдердің теориялық және компьютерлік шешімдері, популяциялардың өзара әрекеттесуі, дифференциалдық теңдеулер, популяциялардың динамикасы, дифференциалдық теңдеулердің теориялық және эксперименттік шешімдеріАннотация
Биологиялық түрлердің популяциясының әр түрлі модельдерін зерттеуде қазіргі уақытта сандық әдістер кең түрде қолданыс тапты. Сандық әдістерді табысты қолдану компьютерлік техника көмегімен іске асады. Мақалада 12 еркін және шектелген популяциялардың математикалық модельдері зерттелген. Mathcad пакеті көмегімен аталған математикалық модельдердің сандық және графикалық шешімдері алынған. Әрбір модельдің теориялық және сандық шешімдері салыстырылған. Осы шешімдер негізінде қорытынды жасалған. "Жыртқыш және жемтік" экологиялық жүйесіндегі екі биологиялық түр популяциясының өзара әрекеттесуі зерттелді. Бұл түрлердің өзара әрекеттесуінің дифференциалдық теңдеулері қарастырылды. Екі популяцияның өзара әрекеттесуінің фазалық диаграммасы зерттелді. Популяция динамикасының дифференциалдық теңдеулері жүйесінің теориялық және компьютерлік шешімдері салыстырылды. Қояндар және сілеусін популяцияларының Каннаданың тері жинайтын компаниясындағы статистикалық деректері зерделенді.