САУЛЫҚТАРДЫҢ СҮТТІЛІГІНЕ ҚОЗЫЛАРДЫ ЕМІЗУ КЕЗЕҢІ ҰЗАҚТЫҒЫНЫҢ ӘСЕРІ

Авторы

  • Мухаметжарова И. Е. Казахский агротехнический университет им. С. Сейфуллина
  • Долдашева Г. К. С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті
  • Шауенов С. К. Казахский агротехнический университет им. С. Сейфуллина
  • Жумадиллаев Н. К. Республиканская палата овцеводов по разведению овец мясо-сального направления продуктивности
  • Ибраев Д. К. Казахский агротехнический университет им. С. Сейфуллина

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.51452/kazatu.2022.3(114).1124

Ключевые слова:

қазақтың құйрықты ұяң жүнді тұқымы; саулықтар; қой сүті; технология; еркек қозылар; ұрғашы қозылар; сүт өнімділігі; лактация

Аннотация

Мақалада қазақтың құйрықты ұяң жүнді қой тұқымы саулықтарының
сүттілігіне емізу кезеңі ұзақтығының әсер ету нәтижелері келтірілген.
Зерттеу нәтижесінде қазақтың құйрықты ұяң жүнді қойларының сүт
өнімділігі лактация кезінде 105-115 кг сүт болатыны анықталды. III және IV
лактациядағы қазақтың құйрықты ұяң жүнді тұқымды қойларынан алынған
еркек қозылар мен ұрғашы қозылардың орташа тірілей салмақтары
сәйкесінше 4,89 және 5,02 кг, ал ұрғашы қозыларда 4,36 және 4,73 кг құрады.
Саулықтардың емізу кезінде 90 күнінде еркек қозылар мен ұрғашы
қозылардың орташа тірілей салмағы сәйкесінше 32,62-34,42 кг және 29,24-
30,56 кг құрады. Сүттің физика-химиялық қасиеттерін зерттеу нәтижелері
бойынша қой сүтіндегі майдың массалық үлесі орташа есеппен 6,10%, ақуыз
4,46% және лактоза 4,22% құрады. Тәжірибенің басында сүт тығыздығының
орташа мәні 1,0365 г/см3 құрады, ал лактацияның соңына қарай ол біршама
төмендеді және 1,0347 г/см3 құрады. Тәжірибенің басында және соңында
сүттің қышқылдық деңгейі 22,2-23,6 °Т аралығында болды, ал титрленетін
қышқылдық мөлшері 22-28 °T аралығында болды, яғни бұл көрсеткіштер
нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес келді. Сүттегі рН деңгейі 6,50-
6,55 аралығында болды, яғни анықталған көрсеткіштер қойылатын
талаптарға сәйкес келеді

Загрузки

Опубликован

2022-09-01