ТАҒАМДЫҚ ӨНІМДЕР ҚҰРАМЫН ИНУЛИНМЕН БАЙЫТУ

Авторы

  • Шамбулова Г.Д., т.ғ.к.доцент м.а. Жаксылыкова Г.Н., т.ғ.к., доцент Орымбетова Г.Э.,т.ғ.к. доцент

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.47100/herald.v1i2.98

Ключевые слова:

Инулин, пастерленген сүт, пробиотиктер, пребиотиктер, көмірсулары, функционалды ингредиенттер, топинамбур, цикорий, фруктозаглюкозалы шәрбат.

Аннотация

Дұрыс тамақтанудың өзектілігі адамның иммундық мәртебесі мен тұтынатын азық-түлік арасындағы тікелей байланысты көрсететін зерттеулермен расталады. Өндірушілер тағамдық талшықтар, дәрумендер, антиоксиданттар, полиқанықпаған май қышқылдары, пробиотиктер және пребиотиктер сияқты түрлі функционалды ингредиенттерді қолданатын
профилактикалық өнімдерді кеңейтуде. Функционалдық ингредиенттер нарығын талдау, инулин және ФГШ пайдалану көлемдерінің кеңеюі және импортты отандық өнімдермен алмастыру қажеттілігі туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Инулин және ФГШ өндірісін ұйымдастыру болашағы, функционалдық және диеталық тағам өнімдеріне белсенді тұтынушылық сұраныспен расталады. Сондықтан, инулиннің қолданыстағы және әдеби көздерінде ұсынылған
әдістері және зерттеулері талданды, өсімдік шикізатынан инулин алу жолдары анықталды, функционалды сүт өнімдерінде қолдану технологиясы жасалды.Ол үшін инулинді алу жолдарына патенттік және әдебиеттік шолу жасау арқылы -
ұсынылған әдістердің тиімділігі мен кемшіліктерін қарастыра отырып, инулинді сүт өнімдерінде қолдану сынамасы ұсынылды. Бұл сынаманың органолептикалық және физико-химиялық, микробиологиялық зерттеулері жүргізіліп, нәтижесі берілді.

Загрузки

Опубликован

2021-05-19