МЫСЫҚТАРДАҒЫ КОНТРАЦЕПЦИЯ ӘДІСТЕРІН САЛЫСТЫРМАЛЫ ТҮРДЕ БАҒАЛАУ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.51452/kazatu.2022.3(114).1098Ключевые слова:
кошки; контрацепция; овариогистерэктомия; фиброаденоматоз; поликистоз; пиометра; аденокарцинома.Аннотация
Мақалада қаланың ветеринарлық клиника жағдайында мысықтарға (n=20) қолданылған контрацепцияның екі әдісі - ұрықтану қызметін толық тоқтататын хирургиялық стерилизация және уақытша тоқтататын дәрілік заттарды қолдану немесе емдік әдіс салыстырмалы түрде зерттелінді. Мысықтарға жоспарлы овариогистерэктомия операциясы ингаляциялық анестезияны қолдану арқылы дәстүрлі әдіспен ал, хирургиялық кесу іш қуысының ақ сызығы бойынша жасалды. Мысықтарда контрацепцияның хирургиялық және емдік әдістерінің тиімділігі 100% болып анықталды. Алайда, клиникалық және арнайы диагностикалық әдістер мен ұзақ мерзімді скрининг жүргізу барысында, контрацепция үшін гормондық препараттар қолданылған мысықтардың 50%-ында 6-7 ай ішінде жыныс мүшелерінің және сүт бездерінің әртүрлі патологиялары анықталды: сүт бездерінің фиброаденоматозы 20%, аналық бездердің поликистозы 10%, пиометра 10% және эндометриялық аденокарцинома 10% жағдайларда кездесті.