КҮЗДІК ТРИТИКАЛЕ СОРТ ҮЛГІЛЕРІНІҢ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ

Авторы

  • Л.Х. Суханбердина, а.ш.ғ.кандидаты, доцент Д.К. Тулегенова, а.ш.ғ.кандидаты, доцент С.Е. Денизбаев, а.ш.ғ. магистрі А. Ж. Турбаев, а.ш.ғ. магистрі Т.Ж. Турбаев, топырақтану және агрохимия магистр

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.47100/herald.v1i2.39

Ключевые слова:

Батыс Қазақстан облысы, құрғақ дала аймағы, күздік тритикале, селекция, сорт үлгілері, дән, технологиялық қасиеттер, клейковина, нан пісіру.

Аннотация

Белгілі талаптарға жауап беретін жаңа азық бағытындағы дақылдар ассортиментінің өрістеуі және оларды дәстүрлілермен қатар пайдалану нан пісіру өндірісі мен олардың сапасын арттырудың маңызды резерві болып табылады. Осындай дақылдардың бірі күздік тритикале болып табылады. Зерттеу мақсаты күздік тритикале дәнінің технологиялық, ұнға тарту-нан
пісіру сапаларын бағалау және тритикаленің жоғары шаруашылықтық-құнды көрсеткіштерге ие сорттарын шығаруға арналған генетикалық көздерін анықтау болып табылады. Жүргізілген зерттеу нәтижелері Орал өңірінің құрғақ дала жағдайларында өсірілген күздік тритикаленің зерттелген селекциялық үлгілері биохимиялық құрамы мен қоректік заттар мөлшері бойынша ерекшеленетінін көрсетті. Сорт үлгілері азық бағытындағы күздік тритикале селекциясы үшін бастапқы материал ретінде пайдалануға ұсыныла алады. Жүргізілген зерттеулер нәтижелері барлық зерттелген сорт үлгілері сапалық белгілердің айқындылығы деңгейімен ерекшеленгендіктерін көрсетті. Нан пісіруде пайдалану үшін тритикале мен бидай ұнының оңтайлы қатынасын анықтау бойынша зерттеулер жүргізілді. Күздік тритикаленің сорт үлгілерін бағалағанда негізгі технологиялық көрсеткіштер бойынша ерекшеліктер анықталды. Тритикаленің зерттелген үлгілеріндегі нанының
қоректілігі мен басқа да құнды қасиеттерін сақтау және тұтынушылық құндылығын арттыру үшін тритикале мен бидай ұны қоспасын 50:50 қатынасында пайдаланған жөн. Ең жақсы нан пісіру қасиеттер Рунь, 15/4 және КS 88Тсорт үлгілерінде байқалды. Өзін көрсеткен үлгілер шаруашылықтыққұнды қасиеттер кешеніне ие және нан пісіру өндірісінде пайдалануға арналған тритикаленің жаңа сорттарын шығаруда генетикалық көздер ретінде ұсыныла алады.

Загрузки

Опубликован

2021-05-19