МАЙЛЫ ЗЫҒЫР РИЗОСФЕРАСЫНДАҒЫ ТОПЫРАҚ МИКРООРГАНИЗМДЕРІ САНЫНА ҚҰС САҢҒЫРЫҒЫНАН ЖАСАЛҒАН ОРГАНИКАЛЫҚ ТЫҢАЙТҚЫШТЫҢ ӘРТҮРЛІ ДОЗАЛАРЫНЫҢ ӘСЕРІ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.51452/kazatu.2022.2(113).1052Ключевые слова:
органикалық тыңайтқыш; құс саңғырығы; майлы зығыр; топырақ микроорганизмдері.Аннотация
Мақалада құс саңғырығынан жасалған органикалық тыңайтқыштың әртүрлі дозаларын қолдану кезінде топырақтың микробиологиялық қасиеттерін зерттеу нәтижелері берілген. Органикалық тыңайтқыш топырақтағы микроорганизмдер санына әсер ете отырып, топырақ түзуші процестерге қатысатын микроорганизмдердің жеке топтарының арақатынасын өзгертті. Азоттың органикалық формаларын ассимиляциялаушы протеолитикалық бактериялар саны азоттың минералды формаларын сіңіретін амилолитикалық бактериялар санынан басым болуы байқалды. Бұл азоттың минералды формаларын тұтынудың төмендеуін және органикалық заттардың ыдырау үрдістерінің жоғарылауын білдіреді. Органикалық тыңайтқыштың жоғары дозалары (10-15 т/га) азот түзуші бактериялардың көбеюіне ықпал етті. Гүлдену кезеңінде майлы зығыр ризосферасында мицелиалды саңырауқұлақтардың өсуі анықталған, бұл өсімдіктің әртүрлі ауруларға осал кезі болып табылады, ал толық пісу кезеңінде целлюлозаны ыдыратушы актиномицеттер санының белсенді өсуі байқалды. Органикалық тыңайтқыштан алынатын қоректік заттардың оңтайлы мөлшерінде микроорганизмдердегі көптеген биохимиялық және физиологиялық процестер реттеледі. Микроорганизмдердің көптігі топырақтың биологиялық белсенділігін арттыруға ықпал етеді, бұл табиғи құнарлылықты сақтауға және агроэкожүйеге қолайсыз факторлардың теріс әсерін азайтуға қолайлы жағдай туғызады.