ФУНКЦИОНАЛДЫ МАҚСАТТАҒЫ СПРЕД АЛУ ҮШІН РАПС ЖӘНЕ ЗЫҒЫР МАЙЛАРЫНАН КУПАЖ АЛУ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.51452/kazatu.2022.2(113).1047Ключевые слова:
спред; рафинацияланған рапс майы; рафинацияланбаған зығыр майы; купаждау; май негізі; газ хромотографиясы; транс - изомерлер.Аннотация
Бұл жұмыста өсімдік майларының май-қышқыл құрамын анықтау үшін газды хроматография әдісі қолданылды. Дезодорацияланған рафинацияланған рапс майының, рафинацияланбаған зығыр майының сапалық сипаттамалары мен май қышқылының құрамы анықталды. Теңдестірілген май қышқылының құрамы бар өсімдік майларының қоспасы алынып, оның сапасы, сондай-ақ май қышқылының құрамы зерттелді. Функционалды мақсаттағы спредтер үшін теңдестірілген май негізі жасалды. Спредтердің физиологиялық және технологиялық параметрлеріне әсер ететін негізгі факторлар анықталды. Физиологиялық параметрлерге әсер ететін бұл факторға негіздің май қышқылдық құрамы жатады. Сүт майы мен өсімдік майларының әр түрлі қатынасы бар эмульсиялар дайындалады. Сондай-ақ, май қышқылдарының транс-изомерлері құрамының көрсеткіштері зерттелді. Жүргізілген зерттеулер негізінде сүт майы мен өсімдік майы купажының оңтайлы арақатынасы деп, сүт майы 80% және рапс пен зығыр майының 20% купажын құрады. Алынған эмульсияға купаж қосу арқылы май қышқылдарының транс-изомерлерінің бастапқы өнімге қарағанда аз болды.