СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ӨҢІРІНДЕГІ МАЛ АЗЫҒЫН ӨНДІРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ДАҒДАРЫСТАН ШЫҒУ ЖОЛДАРЫ

Авторы

  • Оспанова Ш. К. Казахский агротехнический университет им. С. Сейфуллина
  • Бегалина А. А. Казахский агротехнический университет им. С. Сейфуллина
  • Капов С. Н. Ставропольский Государственный агротехнический университет г. Ставрополь, Россия
  • Серикпаева Ж. К. Казахский агротехнический университет им. С. Сейфуллина

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.51452/kazatu.2022.3(114).1038

Ключевые слова:

ауыл шаруашылығы; өсімдік шаруашылығы; жемшөптік дақылдар; көпжылдық дәнді (блюграсс) шөптер (дақылдар); агротехнология (агротехника); жемшөп дақылдарын өсіру (өсіру) технологиясы

Аннотация

Мақалада Қазақстан Республикасындағы, сондай-ақ Солтүстік
Қазақстандағы мал азығын өндіру мәселесіне баса назар аударылады. Ауыл
шаруашылығының бұл саласының негізгі мәселесі – мал шаруашылығын
дамытудың базалық (негізгі) принциптерінің бұзылуы. Мал азығын өндірудің
зоотехникалық тұтыну нормасынан ауытқуы, сондай-ақ негізінен табиғи
жерлерде ғана (шөп шабу орындары, жайылымдар) жем-шөп дайындау
кейбір аймақтарда малдың (шаруашылық жануарларының) өнімділігінің
төмен болуына және жаппай шығынға ұшырауына әкелді.
Экспертмамандардың болжамы бойынша ауыл шаруашылығындағы, әсіресе
мал шаруашылығында, жем-шөп өндірудегі ғылыми негізсіз жұмыстар
малдардың (шаруашылық малдарының) шығынына ғана емес, сонымен қатар
ауыл халқының әл-ауқатының экономикалық тұрақсыздығына әкеледі. Бұл
дағдарыстан шығудың жолы – ғылыми негізделген мал азығын өндіруді
дамыту, әсіресе көпжылдық шөптерге негізделген мал азықтық дақылды
дамыту қажет. Бүгінде бұл бағыт Солтүстік Қазақстанда да дамымаған.
Қарастырылып отырған аймақта ауыл шаруашылығы кәсіпорындары бір
жылдық судандық шөпке, сондай-ақ жүгеріге артықшылық береді. Аграрлық
ғылыми-зерттеу орталықтарында көпжылдық шөпті дәнді дақылдар бойынша
әзірленген жаңа сорттары жақсы нәтижелерді көрсетіп отыр, олардың ішінде
еркекшөп пен қылтықсыз арпабасты ерекше атап өтуге болады. Мал азығын
өндірудің қалыпты дамуын қамтамасыз ету, сонымен қатар мал
шаруашылығының (малдардың) өнімділігін арттыру үшін өндіріске
көпжылдық дәнді дақылдарды енгізу қажет. Бұл мақалада сондай-ақ
«Шортанды» БТО-ның (АШҒӨО) әзірлеген жаңа сорттары «Бурабай»
еркекшөбі және «Акмолинский изумрудный» қылтықсыз арпабасы
ерекшеліктеріне, ұсақ тұқымды мал азықтық дақылдарды егудің
агротехникалық ерекшеліктеріне, шамамен алынған мәліметтерге назар
аударылады, мал азығы есебінде қылтықсыз арпабасты егудің шамаланған
технологиялық сұлбасы ұсынылды..

Биография автора

Бегалина А. А., Казахский агротехнический университет им. С. Сейфуллина

егеншілік және өсімдік шаруашылығы кафедрасының доценті, а.ш.ғ.к.

Загрузки

Опубликован

2022-09-01