ҚАЗАҚСТАН-ФРАНЦУЗ ПИЛОТТЫҚ ЖОБАСЫ АЯСЫНДА СТУДЕНТТЕРДІҢ ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-ҒЫЛЫМИ ДАЙЫНДЫҒЫ

Авторы

  • Абельдина Ж.К С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехниқалық университеті
  • Молдумарова Ж.Е С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті
  • Акимбеков Е.Т С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті
  • Абельдина Р.К С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.51452/kazatu.2022.2(113).1034

Ключевые слова:

Пилоттық жоба; білім беру бағдарламасы; виртуалды орта; қазақстан-француз білім беру жобасы; электрондық журнал; рейтинг; жаратылыстану-ғылыми пәндер.

Аннотация

Білім, ғылым және өндіріс интеграциясының болмауына байланысты ауыл шаруашылығы мамандарын даярлау сапасын арттыруға кедергі келтіретін жүйелі мәселе бар. Қазақстандық жоғары оқу орындарының білім беру мүмкіндіктерінің шектеулілігі, материалдық-техникалық базасының әлсіздігі, ескірген технологиялары да оқу үдерісіне кері әсерін тигізуде. Соның салдарынан түлектердің дайындық деңгейі көп жағдайда заман талабына сай келмейді. Білім беру бағдарламалары мен кадрларды даярлауды жаңғырту үшін білім беруді, ғылыми-зерттеу жұмыстарын және агроөнеркәсіп кешеніне жаңа технологияларды енгізуді байланыстыру қажет. Сол сияқты Қазақстандағы жалпы білім беретін мектептерде де, жоғары оқу орындарында да жаратылыстану пәндерін оқытуда проблемалар бар. Мақалада Қазақстан-Франция пилоттық жобасы аясында бакалавриат даярлаудың базалық деңгейін қамтамасыз ету үшін студенттердің оқуын жетілдіру жолдарының бірі қарастырылған. Оқытудың жаңа моделі физика, химия, биология, жоғары математика және информатика сияқты іргелі пәндерді тереңдетіп оқытуға негізделген.

Загрузки

Опубликован

2022-06-02