ІРІМШІКТІ ЛАСТАЙТЫН ESCHERIHIA COLI ИЗОЛЯТТАРЫНЫҢ АНТИБИОТИКТЕРГЕ ТӨЗІМДІЛІГІ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.51452/kazatu.2022.2(113).1028Ключевые слова:
ірімшік; Escherichia coli; контаминация; антибиотиктер; резистенттілік; бензилпенициллин; бацитрацинАннотация
Мақалада сауда желілерінде сатылатын ірімшіктердің Escherihia coli бактериясымен ластануының микробиологиялық зерттеу нәтижелері келтірілген. Ақмола және Шығыс Қазақстан облыстарының 11 кәсіпорны өндірген 38 ірімшік үлгілерінің 18-нен E.coli табылды. Зерттеу барысында, ірімшік сынамаларынан E.coli бактерияларын бөліп алу мақсатында коммерциялық Compact Dry (R-Biopharm AG, Германия) табақшалары қолданылды. Ірімшік үлгілерінен оқшауланған грам-теріс бактериялардың морфологиялық және биохимиялық қасиеттері талданды.
Бөлініп алынған E. Coli изоляттарының антибиотик препараттарына (бацитрацинге, стрептомицинге, левомецитинге, бензилпенициллинге, тетрациклинге, гентамицинге, канамицинге, эритромицинге, оксацилинге, канамицинге) сезімталдығы дискілі диффузды әдіспен зерттелді.
Антибиотикке тұрақтылығын зерттеу микроорганизмнің биологиялық ерекшеліктерін анықтауға және тағамдардың резистенттігі жоғары бактерия штамдарымен контаминациялану қаупін бағалауға мүмкіндік береді.
Жүргізілген зерттеудің нәтижесінде Қазақстан нарығында сатылатын ірімшіктерден бензилпенициллин және бацитрацин антибиотиктеріне резистентті E.coli изоляттары бөлінді. Ауыл шаруашылығында және ветеринарлық клиникалық тәжірибеде микробқа қарсы дәрілерді кеңінен қолдану антибиотикке төзімді және көптеген патогендік факторлары бар E. coli штамдарының пайда болуына әкеледі.