SERRATULA CORONATA L. ЖӘНЕ SALSOLA COLLINA PALL. ӨСІМДІКТЕРІНЕН ӘРТҮРЛІ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ПАРАМЕТРЛЕРДІ ҚОЛДАНА ОТЫРЫП ПОЛИФЕНОЛДЫ КОМПОНЕНТТЕРДІ БӨЛІП АЛУ ЖӘНЕ ИДЕНТИФИКАЦИЯЛАУ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.51452/kazatu.2022.2(113).1024Ключевые слова:
Serratula Coronata L; Salsola Collina Pall; полифенолдар; жоғары өнімді сұйықтық хроматографиясы; ИҚ-спектроскопиясы; УК-спектроскопиясы; экстракция.Аннотация
Қарағанды облысының аумағында өсетін тәжді түймебас (Serratula coronata L.) және қаңбақ сораң (Salsola collina Pall.) өсімдіктерінің жерүсті бөліктеріне кешенді зерттеу жүргізілді, биологиялық белсенді полифенолдардың болуын зерттеу мақсатында таксонның ең оңтайлы жасын анықтау үшін өсудің әртүрлі фазаларында жинақтау жүргізілді.Зерттелетін өсімдіктерден белсенді экстрактивті заттар мен полифенол компоненттерін алу процесінің оңтайлы шарттарын анықтау үшін минималды уытты әсері бар еріткіштердің бірнеше түрі қолданылды: әртүрлі концентрациядағы этил спирті, сонымен қатар 0,1 н. натрий гидрокарбонатының ерітіндісі. Алынған сығындылардағы негізгі флавоноидтардың сапалық және сандық құрамы жоғары өнімді сұйықтық хроматографиясы арқылы анықталды.
Serratula Coronata L. жинау үшін ең қолайлы уақыт мамырдың үшінші онкүндігі мен маусымның бірінші жартысы аралығында екені анықталды. Өсімдік шикізатының экстрактивтілік дәрежесін талдау шикізатты ауа температурасының жоғарылауы басталғанға дейін жинау керектігін көрсетті. Қаңбақ сораңның (Salsola Collina Pall.) өсімдік шикізатын жинау жағдайында бұл өсімдіктің өсу аймағы құрғақ жерлер болғандықтан, уақыт пен ауа-райы бойынша шектеулер белгіленбеген. Дегенмен, вегетациялық кезең тек мамырдың аяғынан маусым айының басына дейінгі аралықта ғана байқалатынын және бұл кезеңдегі жинау өсімдік массасының жиынтығы басталуына байланысты өнімді емес екенін есте ұстаған жөн, осылайша Salsola Collina Pall жинағын шілде айында бастау ұсынылады.