АЗОТТЫ ҚОРЕКТЕНУ ЖАҒДАЙЫНЫҢ ЖАСЫМЫҚТЫҢ ӨНІМДІЛІГІНЕ ЖӘНЕ САПАСЫНА ӘСЕРІ

Авторы

  • Жанзаков Б.Ж А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми өндірістік орталық
  • Черненок В.Г С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехниқалық университеті
  • Нұрманов Е.Т С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехниқалық университеті
  • Серикпаева Ж.К С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехниқалық университеті

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.51452/kazatu.2022.2(113).1015

Ключевые слова:

минералды қоректену; жасымық; азот тыңайтқыштары; өнімділік; қосымша түзілген өнім; нитрат азоты; оңтайлы деңгей.

Аннотация

Зерттеулер 2018-2020 жж. Солтүстік Қазақстанның құрғақ дала аймағында қара-қоңыр, карбонатты, жеңіл құмбалшықты, құрамында гумустың мөлшері – 2,93-2,95%, нитрат азоты – 6-8 мг/кг, жылжымалы фосфор мөлшері – 10,7-13, 9 мг/кг, калий 800 мг/кг жоғары, Са+Mg 22-25 мг экв/100 г топырақ, рН 8,0 жоғары топырақта жүргізілді. Мақалада жасымықтың «Крапинка» сұрыпының өнімділігі мен сапасына азот тыңайтқыштарының әсері мен өсіру жағдайларын зерттеу бойынша зерттеулердің нәтижелері берілген. Азот тыңайтқыштары фосфор фонының үстіне (Р90) 30 және 60 кг ә.е.з./га мөлшерінде топырақтың 10 см қабатына еңгізілді. Нәтижесінде нитратты азоттың деңгейі топырақтың 0-40 см қабатында 9,3-тен 18,3 мг/кг-ға дейін артты. Әрбір 30 кг ә.е.з./га азот тыңайтқыштары топырақтың 0-40 см қабатында N-NO3 мөлшерін 4 мг/кг арттырды. Тыңайтқыштар топырақтағы калий мөлшеріне әсер етпеді. Гидротермиялық режим бойынша зерттеу жылдары бір-біріне ұқсамады. 2019 ауыл шаруашылығы жылы өте құрғақ болды, жауын-шашын мөлшері 209 мм (норма бойынша 326 мм) артпады. 2018 және 2020 ауыл шаруашылығы жылдары қолайлы болды – жауын-шашын 330 және 320 мм, температуралық фон сәл жоғарылады. Қолданылған азот тыңайтқыштары жасымықтың өнімділігін 17% арттырып, тұқым сапасын жақсартты. Жасымықтың максималды өнімділігі қалыптасқан топырақтағы N-NO3 мөлшерінің деңгейі анықталды. Биологиялық ерекшеліктері агротехникалық-экономикалық көрсеткіштер жиынтығы бойынша, оны өсіру әлеуетіне баға берілді. Жасымықтың «Крапинка» сұрыпы азот тыңайтқыштарына енгізгенде жақсы қосымша өнім қалыптастырады, биологиялық әлеуеті бар және өсіруге перспективалы.

Загрузки

Опубликован

2022-06-06