АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ҚҰРҒАҚ ДАЛАЛЫ АЙМАҒЫНЫҢ ЖАЙЫЛЫМДЫҚ АЛҚАПТАРЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ, ЖАЙЫЛЫМДЫҚ ЖҮКТЕМЕСІ ЖӘНЕ ЖАЙЫЛЫМДАРДЫ ҰТЫМДЫ ПАЙДАЛАНУ МЕН ТОЗУЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.51452/kazatu.2022.2(113).1008Ключевые слова:
жайылым; жайылымдық масса; жайылым өнімділігі; жайылым сыйымдылығы; жайылымдардың азықтық сыйымдылығы; жайылымдық жүктеме; ірі қара мал.Аннотация
Жайылымдық жерлерді ұтымды пайдалану Қазақстандағы ауыл шаруашылығы өндірісінің ең өзекті мәселелерінің біріне айналды. Табиғи жайылым алқаптарын экстенсивті түрде шамадан тыс пайдалану нәтижесінде ең құнды шөптер желініп, ал жеуге жарамсыз шөптер тез көбейіп, көп ұзамай жайылымдар өнімділігі төмен жайылымдық алқаптарға айналады. Осыған байланысты, бүгінгі таңда, табиғи жайылымдардың едәуір бөлігі мал жемейтін зиянды және улы өсімдік түрлерімен ластанған.
Мақалада Ақмола облысының жайылымдық алқаптарының жай-күйі қарастырылып, жайылым алаңдары, ірі қара мал (ІҚМ) бастары бойынша талдау жүргізілді. Сондай-ақ әр аудан бойынша жайылым сыйымдылығы мен бір бас ірі қара мал үшін қажетті жайылым көлемі – яғни жайылымға нақты жүктеме есептелген. Нормативтік көрсеткіштер бойынша жүргізілген салыстырмалы бағалау кейбір аудандардағы жайылымдық жерлердің жетіспеушілігін көрсетті. Бұл өз кезегінде жайылымдық жерлерді ұтымды пайдалануға мүмкіндік беретін жайылым айналымын жасауды қажет етеді. Жайылым ресурстарын басқаруға негізделген шешімдер қабылдау үшін ең алдымен мақалада келтірілген нақты мал басы мен жайылымдық жүктеменің нормасы арасындағы байланыс туралы түсінік болуы қажет.