ӨСІМДІК МАЙЛАРЫНДАҒЫ КАРОТИНОИДТАРДЫҢ ҚҰРАМЫН СПЕКТРОФОТОМЕТРИЯ ӘДІСІМЕН АНЫҚТАУ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.51452/kazatu.2022.2(113).1005Ключевые слова:
каротиноидтар; спектрофотометриялық әдіс; өсімдік майлары; табиғи қосылыстар; рафинацияланған майлар; рафинацияланбаған майлар; күрделі эфирлер.Аннотация
Бұл жұмыста майлы дақыл тұқымдарынан алынған зерттеуге ұсынылған үлгілерді және өсімдік майларын талдау үшін модификацияланған каротиноидтардың жалпы құрамын анықтаудың спектрофотометриялық әдісі қолданылды. 8 майдағы каротиноидтардың жалпы мөлшері анықталды. Әдістің тиімділігі және нәтижелердің жақсы қайталануы көрсетілген. Каротиноидтардың құрамын анықтауды зерттеу нәтижелері рафинацияланбаған майларда каротиннің мөлшері рафинацияланған майларға қарағанда жоғары екенін көрсетті. Жоғары мән жоғары тотығу тұрақтылығын көрсетеді. Сондай-ақ, алынған мәліметтерден, әдетте қоректік жағынан жетіспейтін ω-3 полиқанықпаған май қышқылдарының көзі ретінде қарастырылатын рафинацияланбаған зәйтүн майы мен рафинацияланған жүгері майы да каротиноидтардың көзі болып табылатыны анықталды. Бұл жағдайда өсімдік майларындағы каротиноидтарды талдаудың спектрофотометриялық әдісін және өсімдік майларының тотығу тұрақтылығын өзгерту және кеңейту өзекті мәселе болып табылады.