Журналдың жариялау этикасы

Журналдың редакциялық алқасы халықарылық ғылыми қоғамдастық қабылдаған этикалық нормаларды сақтау және осы нормалардың бұзылуының алдын алу үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды. Халықаралық қоғамдастық қабылдаған ғылыми қағидаттарын, стандарттарын және нормаларының бұзылуы анықталған жағдайда журнал редакциясы жариялау этикасы Комитетінің  (Committee on Publication Ethics (COPE), https://publicationethics.org) стандарттарына сәйкес әрекет етуге міндеттенеді, мақалаларды дайындау және жариялау процесінің барлық қатысушыларына: редакторларға, авторларға және рецензенттерге ұсынылады.

Бас редактордың және редакциялық алқаның құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі

  1. «С.Сейфуллин атындағы ҚАТЗУ Ғылым жаршысы» журналының бас редакторы және редакциялық алқасы ғылыми журналдың беделіне және жарияланатын материалдардың ғылыми және жариялау этикасының халықаралық стандарттарына сәйкестігіне жауап береді.
  2. Журналдың бас редакторы жұмыстың ғылыми маңыздылығын, түпнұсқалығын, өзектілігін және журнал тақырыбына сәйкестігін бағалау негізінде оны жариялауға қабылдауға немесе қабылдамауына кепілдік береді.
  3. Журналдың бас редакторы белгілі бір мақаланы жариялау туралы шешімнің негізділігін қазақстандық және шетелдік ғалымдарды – мақала тақырыбы бойынша ең құзыретті мамандарды рецензент ретінде тарту арқылы қамтамасыз етеді.
  4. Журналдың бас редакторы және журналдың редакциялық алқасы ұсынылған қолжабалардың бүкіл редакциялық процесте жіберілген қолжазбалардың құпиялылығын қамтамасыз етуге және авторлар мен рецензенттер арасындағы анонимділікті сақтауға міндетті.
  5. Журналдың бас редакторы авторлардың беделін қорғайды және плагиаттың барлық жағдайларына және жариялау кезінде басқа да жол берілмейтін фактілеріне байыппен қарайды. Басылымның елеулі кемшіліктері бар екендігі туралы үшінші тараптан негізделген ақпарат алынған жағдайда, түзетулер мен түсіндірулер жариялайды. Авторлар этикалық қағидаларды бұзған жағдайда, редакция кемшіліктердің себептерін анықтағаннан кейін мақаланы журналдың жарияланған санынан алып тастау құқығын өзіне қалдырады.
  6. Бас редактор, редакция ұжымы, редакция алқасының мүшелері, рецензенттер қарауға ұсынылған қолжабалардың жарияланбаған деректерін жеке мақсатта пайдалануға немесе үшінші тұлғаларға бермеуі тиіс.
  7. Бас редактор мен редакциялық алқа журнал шығарылымының уақытылығы мен мерзімділігін қамтамасыз етуге міндетті.
  8. Редакциялық алқа мен журналдың негізін қалаушысы мақала авторлары келтірген ақпараттың дұрыстығына жауап бермейді.

Авторлардың құқықтары, міндеттері және жауапкершілігі

  1. Қолжазбаны журналға жібере отырып, автор(лар) қолжазбаның түпнұсқа жұмыс екеніне, бұрын жарияланбағанына және қазіргі уақытта басқа журналдарда жариялау үшін қарастырылмағанына кепілдік беруі тиіс.
  2. Авторлар басқа адамдардың зерттеулері, идеялары, сөздері, графикалық материалдары дереккөздерге сәйкес сілтемелер арқылы дұрыс көрсетілуін және/немесе дұрыс сілтеме жасалуын, библиографиялық анықтамалардың «С.Сейфуллин атындағы ҚАТЗУ Ғылым жаршысы» журналының талаптарына сәйкес берілуін қамтамасыз етуі керек. Автор пайдаланылған әдебиеттер тізімінде тек зерттеу барысында нақты пайдаланылған дереккөздерді көрсетуі керек және шамадан тыс өз-өзіне сілтеме жасаудан аулақ болу керек.
  3. Авторлардың есімдері қолжазбада олардың мақалаға қосқан үлесі бойынша көрсетіліуі керек. Қолжазбаны зерттеуге және дайындауға елеулі үлес қосқан тұлғалар авторлар ретінде көрсетіліуі керек. Жұмысты орындауға көмек көрсеткен авторларға мақаланың соңында «Алғыс» бөлімінде алғыс білдіріледі.
  4. Корреспондент автор байланыс тұлғасы ретінде журналдың редакциясымен келіссөздер жүргізеді және қолжазбаны қарастыру кезеңдеріне қатысты бірлескен авторлардың хабардар болуына жауап береді. Корреспондент автор барлық авторлардың мақаланың соңғы нұсқасын оқып, бекітуін және оны жариялауға келісімін беруін қамтамасыз етуі керек. Журнал алдын ала қабылдағаннан кейін авторлықтың өзгеруіне жол бермейді.
  5. Корреспондент автор журналға берілген материалды пайдаланудың айрықша құқықтарына кепілдік береді. Журналдың негізін қалаушысына немесе редакция алқасына шағым түскен жағдайда, автор барлық талаптарды өз бетінше және өз есебінен реттеуге міндетті. Журналдың негізін қалаушысы мен редакция алқасы автор берген кепілдіктерді бұзғаны үшін үшінші тұлғалардың алдында жауап бермейді.
  6. Авторлар редакторлар мен рецензенттердің ескертулері мен ұсыныстарын 15 күннен аспайтын мерзімде аяқтауы тиіс.

Рецензенттердің құқықтары, міндеттері және жауапкершілігі

Журналға келіп түскен барлық қолжазбалар ғылыми және кәсіби қызығушылық  саласына сәйкес ғылыми редактордың ұсынысы бойынша тәуелсіз сарапшыларға қарауға жіберіледі.

  1. Рецензенттер қолжазбаға ғылыми сараптама жүргізе отырып, жұмыстың жаңалығына және/немесе түпнұсқалығына, қолжазба мен басқа жарияланған мақалалар арасындағы ұқсастықтың жоқтығына, автор(лар)дың мақалаларға сілтеме жасауының толықтығы мен дұрыстығына назар аудару керек, қарастырылып отырған тақырыпқа (мәселеге) қатысты өз пікірін нақты білдіріп, айтылған ескертулерді түсіндіре және негіздей отырып, қолжазбаны бағалауда мүмкіндігінше әділетті болуы керек.
  2. Рецензент бас редакторға қолжазба материалдарын қабылдау мен түсіндіруге әсер ететін және осындай қақтығыстар анықталған жағдайда рецензиялаудан бас тартуға қабілетті, кез келген қаржылық, әкімшілік немесе жеке мүдделер қақтығысының болуы туралы хабарлауға міндетті.
  3. Рецензентте плагиат, авторлыққа немесе деректерді бұрмалауға қатысты қандай да бір күдік болса, ол туралы журналдың редакциясына міндетті түрде хабарлауы керек.
  4. Рецензент редакторлар немесе автор берген кез келген ақпараттың құпиялығын сақтауға міндеттенеді. Жарияланбаған материалды үшінші тұлғалармен талқыламаңыз және ондағы ақпаратты жеке мақсатта пайдаланбаңыз.

 

Жануарларды пайдалануға этикалық келісім

Жануарларды қолданатын эксперименттер Халықаралық жанаурлар этикасы комитеті белгілеген қағидаттарға сәйкес жүргізілуі керек және жергілікті этикалық комитеттің келісімін алу керек, оған «Материалдар мен әдістер» бөлімінде сілтеме жасалуы керек.

 

Жарияланған материалдарға түзетулер енгізу

Жарияланған мақалаға түзетулер жарияланымның аз ғана бөлігін дұрыс сенімсіз ететін байқаусызда жіберілген қателер болса,  автордың тегі және/немесе аты-жөніндегі қателер, дұрыс емес ресімделмеген дәйексөздер, қате тұжырымдар мен фактілер немесе жетіспейтін ақпарат қажет болған жағдайда түзетулер енгізіледі. Түзетулер енгізілген жағдайда Редакция журналдың веб-сайтында жеке хабарлама жариялайды және авторлармен келісе отырып, мақаланың бастапқы нұсқасына өзгерістер енгізіледі.

Орфографиялық қателер мен қателерді, сондай-ақ басқа да болмашы қателерді  түзету туралы хабарламалар бөлек жарияланбайды. Сайт мақалаға түзетулер енгізілгенін хабарлайды (егжей-тегжейсіз).

 

Мақаланы жарияланымнан алып тастау саясаты

Кейбір жағдайларда журналдың редакциясы мақаланы кері қайтарып алу (қайтару) туралы шешім қабылдауы мүмкін. Осылайша, егер жарияланғаннан кейін жариялау этикасы талаптарының бұзылуы (плагиат фактісін анықтау, мақаланың қайталануы және т.б.) немесе мақаланың ғылыми құндылығына күмән келтіретін өрескел қателер анықталса, мақала ресми түрде кері қайтарылып алынады.

Жариялау этикасының  бұзылуына байланысты мақаланы кері қайтарып алу болашақта оқиғаға қатысы бар авторлар ұжымының барлық мүшелері үшін осы журналда мақалалар жариялауға тыйым салуға әкеп соғады.

Мұндай жағдайларда редакция мақаланы кері қайтарып алу туралы мәлімдемені келесі шығарылымның тиісті бетінде және журналдың ресми сайтында жариялайды (мақалаларды кері қайтарып алу тәртібін қараңыз).

 

Құпиялылық саясаты

Журналда жариялау үшін берілген авторлар туралы ақпарат (тегі, аты, әкесінің аты, аффилиирленген ұйымның атауы, электрондық поштасының мекен-жайы, ORCID iD) белгісіз тұлғаларға қолжетімді болады, оған авторлар мақаланы журнал редакциясына мақаланы ұсыну кезінде келісім береді. Бұл ақпаратты  жариялау авторлардың мүддесі үшін тиісті библиографиялық ұйымдардың жарияланымдарды және оларға сілтеме жасауын толық және дұрыс есепке алу және авторлар мен ғылыми қоғамдастық арасындағы байланыс мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады. Жоғарыда аталған ақпаратқа қоса,  журналға авторлар берген жеке ақпарат, оның ішінде телефон нөмірлері мақаланы жариялауға дайындау процесінде авторлармен байланысу үшін ғана пайдаланылады. Редакция бұл жеке ақпаратты өзге мақсаттарда пайдалана алатын үшінші тұлғаларға бермеуге міндеттенеді.