Бидай сабанынан құрамында ксилоолигосахаридтер (КОС) бар гидролизатты ферментативтік жолмен алу және оның лактобациллалардың өсуіне әсерін бағалау

Авторы

  • Шамсиева Ю. Ұлттық биотехнология орталығы
  • Якупов Б. Ұлттық биотехнология орталығы
  • Тимощук С. Ұлттық биотехнология орталығы
  • Абдишов Д. Ұлттық биотехнология орталығы
  • Кирибаева А. Ұлттық биотехнолоия орталығы https://orcid.org/0000-0002-3136-6000

DOI:

https://doi.org/10.51452/eaj.2026.3(131).2277

Ключевые слова:

бидай сабаны; ксилоолигосахаридтер; ксиланаза; гидролиз; лактобациллалар; пребиотиктер

Аннотация

Алғышарттар мен мақсат. Бидай сабаны қолжетімді, жаңартылатын лигноцеллюлозалық шикізат болып табылады және функционалды көмірсу компоненттері ретінде қызығушылық тудыратын ксилоолигосахаридтерді (КОС) өндіру үшін пайдаланылуы мүмкін. Жұмыстың мақсаты рекомбинантты Bacillus sonorensis ксиланазасын пайдалана отырып, құрамында КОС бар бидай сабаны гидролизатын алу және оның Lactobacillus иштамдарының өсуіне әсерін бағалау болды.
Материалдар мен әдістер. 18,5% аммиак ерітіндісімен алдын ала өңделген бидай сабаны рекомбинантты B. sonorensis ксиланазасы арқылы ферментативтік гидролизден өткізілді. Гидролиздің динамикасы ферменттің субстратқа шаққандағы 50, 100 және 200 б/г
мөлшерлемесінде 24 сағат бойы зерттелді. Тотықсыздандырғыш қанттардың мөлшері DNS
әдісімен анықталды, ал гидролиз өнімдерінің сапалық құрамы жұқа қабатты хроматография әдісімен бағаланды. 0,5% және 1% гидролизаттың Lactobacillus fermentum ATCC 14931, Lactobacillus plantarum ATCC 14917 және Lactobacillus rhamnosus ATCC 53103 штамдарының
өсуіне әсері тірі жасушалар саны және қоректік орта pH мәнінің өзгеруі бойынша бағаланды.
Нәтижелер. Тотықсыздандырғыш қанттардың ең жоғары жинақталуы ксиланазаның 200 б/г мөлшерлемесінде және 24 сағаттық гидролиз ұзақтығында байқалды. Жұқа қабатты хроматография әдісімен гидролизат құрамында негізінен ксилобиоза (X2) және ксилотриоза (X3) түрінде ұсынылған ксилоолигосахаридтер анықталды. L. fermentum штамында тіршілікке қабілетті жасушалар санының ең айқын артуы байқалды: 1% гидролизат қосылған кезде
тіршілікке қабілетті жасушалар саны глюкозасыз ортадағы (1,07 ± 0,95) × 10⁵ КТБ/мл көрсеткішімен
салыстырғанда (1,38 ± 0,54) × 10⁷ КТБ/мл жетті. L. plantarum штамында да тірі жасушалар санының артқаны байқалды, ал L. rhamnosus штамында бұл әсер салыстырмалы түрде әлсіз болды. Гидролизат концентрациясын 0,5%-дан 1%-ға дейін арттыру қоректік ортаның pH мәнінің төмендеуімен қатар жүрді.
Қорытынды. Алынған КОС құрамды бидай сабаны гидролизаты зерттелген Lactobacillus штамдарына оң әсер етті, бұл әсердің айқындылығы штамм мен гидролизат концентрациясына байланысты болды.

Опубликован

2026-10-09

Выпуск

Раздел

Сельскохозяйственные науки