Биологиялық препараттардың топырақтың микробиологиялық белсенділігіне және органикалық егіншіліктегі жаздық бидайдың өнімділігіне әсері

Авторы

  • Алтынай Жакатаева Насыпкановна
  • Назира Слямова ТОО «Казахский научно-исследовательский институт земледелия и растениеводства»
  • Шолпан Бастаубаева ТОО «Казахский научно-исследовательский институт земледелия и растениеводства»
  • Жолдасбайулы Жандос ТОО «Казахский научно-исследовательский институт земледелия и растениеводства»
  • Марина Колусенко ТОО «Казахский научно-исследовательский институт земледелия и растениеводства»

DOI:

https://doi.org/10.51452/eaj.2026.2(130).2228

Ключевые слова:

органикалық егіншілік; жаздық бидай; биологиялық препараттар; микроорганизмдер.

Аннотация

Түйін
Алғышарттар мен мақсат. Ауыл шаруашылығы тұрақты даму қағидаларына сәйкес экологиялық тұрақтылыққа бағытталған өндіріс жүйесіне көшу жағдайында синтетикалық тыңайтқыштар мен химиялық қорғау құралдарын шектеуге негізделген органикалық егіншілік ерекше өзектілікке ие болуда. Осы тұрғыда, топырақтың биологиялық белсенділігін арттыруға,
қоректік элементтердің минералдануы мен трансформациясы үдерістерді жеделдетуге, сондай-ақ ауыл шаруашылығы дақылдарының тұрақты өнім қалыптастыруына ықпал ететін микробиологиялық құралдар – биопрепараттардың рөлі маңызды.
Материалдар мен әдістер. Зерттеулер Қазақстанның оңтүстік-шығыс аймағының ашық күрең топырағында, «Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми зерттеу институты» ЖШС (ҚазЕӨШҒЗИ) органикалық стационарында бидай егістіктеріне жүргізілді. Зерттеудің мақсаты – органикалық егіншілік жағдайында әртүрлі биопрепараттарды қолдану арқылы топырақтың агробиологиялық және микробиологиялық қасиеттеріне, егістің фитосанитарлық жағдайына
және жаздық бидай өнімділігіне әсеріне зерттеу жүргізіліп бағаланды. Зертханалық және далалық
зерттеу жұмысы барысында фитопатогенді саңырауқұлақтарды тежеу дәрежесі зерттелді,
өсімдіктердің өсуі мен дамуына фенологиялық бақылаулар жүргізілді, егістіктің аурулар мен
зиянкестермен залалдану деңгейі бағаланды, өнім құрылымының элементтері есепке алынды.
Нәтижелер. Алынған нәтижелер биопрепараттың топырақтың биологиялық жағдайына және жаздық бидайдың өнімділігіне оң әсер ететінін көрсетті. Бактериялық биопрепараттарды қолдану биологиялық және қоршаған ортаға пестицидтік жүктемені азайтудың перспективалы әдісі деп санауға болады.
Қорытынды. Зерттеуге сәйкес, ең тиімді биопрепарттар топырақтың фосфаттың нашар еритін түрін мобилизациялайтын микробтық өнім Фосфобацирин С болды.

Биографии авторов

Назира Слямова, ТОО «Казахский научно-исследовательский институт земледелия и растениеводства»

кандидат сельскохозяйственных наук, ассоциированный профессор, заведующая лабораторией органического земледелия

Шолпан Бастаубаева, ТОО «Казахский научно-исследовательский институт земледелия и растениеводства»

кандидат сельскохозяйственных наук, академик АСХН РК, Председатель Правления в ТОО «Казахский научно-исследовательский институт земледелия и растениеводства»,

Жолдасбайулы Жандос, ТОО «Казахский научно-исследовательский институт земледелия и растениеводства»

магистр сельскохозяйственных наук, научный сотрудник лаборатории органического земледелия

Марина Колусенко, ТОО «Казахский научно-исследовательский институт земледелия и растениеводства»

магистр сельскохозяйственных наук, научный сотрудник лаборатории органического земледелия

Опубликован

2026-06-30

Выпуск

Раздел

Сельскохозяйственные науки