Daphne altaica Pall. өсімдігін in vitro ортаға енгізу кезеңін оңтайландыру
DOI:
https://doi.org/10.51452/eaj.2026.2(130).2185Ключевые слова:
Daphne altaica Pall.; фитогормондар; in vitro; зарарсыздандыру; қоректік орта.Аннотация
Түйін
Алғышарттар мен мақсат. Daphne altaica Pall. дәстүрлі медицинада көптеген ауруларды емдеуде қолданылатын құнды дәрілік өсімдік. Бұл түр Қазақстанға тән эндемик болып табылады
және Шығыс Қазақстанның шектеулі аумақтарында таралған. Табиғи таралу аймағының тарлығы, тұқым өнімділігінің төмендігі және өсудің баяулығы бұл өсімдіктің табиғи жолмен көбеюі мен сақталуын қиындатады. Өсімдіктерді көбейтудің биотехнологиялық әдістері жабайы өсетін популяциялардың табиғи биоалуантүрлілігін сақтауға және фармацевтикалық өнеркәсіпті қажетті өсімдік шикізатымен жеткілікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Осыған байланысты
зерттеудің мақсаты Daphne altaica өсімдігін in vitro культурасына енгізудің тиімділігіне және микробүршіктердің түзілуіне әртүрлі зарарсыздандыру әдістері мен фитогормондардың әртүрлі концентрацияларының әсерін зерттеу болып табылады.
Материалдар мен әдістер. Бастапқы өсімдік материалы ретінде Daphne altaica Pall. өсімдігінің бүршік экспланттары пайдаланылды. Асептикалық культура алу үшін беткі зарарсыздандырудың әртүрлі режимдері сыналды, олардың ішінде ең тиімдісі – 0,01% HgCl2 ерітіндісінде 20 мин өңдеу.
Микроклоналды көбейту Мурасиге-Скуга (MС) қоректік ортасында әртүрлі өсу реттегіштерін қолдану арқылы жүргізілді. Сондай-ақ, олардың комбинацияларының экспланттардың өсуіне және морфогенетикалық белсенділігіне әсері бағаланды.
Нәтижелер. 0,01% HgCl2 eрітiндісiндe зaрарсыздандыру тiндердiң тiршілiк қабiлетiн сaқтай отырып, асептикалық жағдайдың жоғары деңгейін қамтамасыз етті. Қоректік ортада бүршіктердің белсенді өнуі және бүршік сабақтарының түзілуі байқалды. Микроклоналды
көбейтудің ең жоғары көрсеткіштері 1,0 мг/л БАП және 0,1 мг/л НСҚ ерітіндісі қосылған MС-R-4 ортасында алынды, бұл in vitro жағдайда морфологиялық жағынан толыққанды, жақсы дамыған жапырақтары бар микробүршіктердің қарқынды түзілуіне мүмкіндік берді.
Қорытынды. Әзiрленгeн әдiс Daphne altaica Pall. өсімдігінiң in vitro жағдайда стeрильді микробүршiктeрін тиiмді aлу мүмкiндігiн қaмтамaсыз етeді. Бұл тәсiлді қoлдaну түрдің генетикалық ресурстарын сақтауға, оның көп мөлшерде көбеюіне және табиғи популяцияларға
антропогендік жүктеменің төмендеуіне ықпал етеді.