Қазақстан жағдайында тұқымаралық будандастыруды пайдалану кезінде әртүрлі тұқымды сүтті ешкілердің өнімділік және өсімін молайту қасиеттерін бағалау

Авторы

  • Нуралиев М.Т. К.У. Медеубеков атындағы Қой шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты»филиалы
  • Кенжебаева Т.Е. С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті
  • Сәденова М.Қ. С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті
  • Амантай С. С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті
  • Омарова К.М. С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті

DOI:

https://doi.org/10.51452/eaj.2026.2(130).2143

Ключевые слова:

ешкі сүті; селекция; ешкі тұқымы; шағылыстыру; азықтандыру рационы; сүт өнімділігі.

Аннотация

Түйін
Алғышарттар мен мақсат. Қазақстанда сүтті ешкі шаруашылығын дамыту агроөнеркәсіптік кешеннің басым бағыттарының бірі болып табылады. Соңғы жылдары импорттық жоғары өнімді тұқымдарды жергілікті генотиптермен будандастыру арқылы өнімділікті арттыру мәселесі өзекті болып отыр. Алайда әртүрлі тұқымаралық комбинациялардың өнімділік және өсімдік (өсу-даму) көрсеткіштеріне әсері жеткілікті деңгейде зерттелмеген. Зерттеудің мақсаты – Қазақстан жағдайында тұқымаралық будандастыруды пайдалану кезінде әртүрлі генотиптегі сүтті ешкілердің сүт өнімділігі мен төлдерінің өсу қарқынын салыстырмалы бағалау.
Материалдар мен әдістер. Зерттеу шаруашылық жағдайында жүргізілді. Тәжірибеге жергілікті ешкілер, сондай-ақ сүт бағытындағы шетелдік тұқымдармен алынған будандар енгізілді. Сүт өнімділігі 305 күндік лактация бойынша есептелді. Сүттің майлылығы мен ақуыз мөлшері стандартты зертханалық әдістермен анықталды. Төлдердің тірі салмағы туған кезде және 1, 3,
6 айлық жасында өлшенді, орташа тәуліктік өсім есептелді. Алынған мәліметтер вариациялық-
статистикалық әдістермен өңделді.
Нәтижелер. Зерттеу нәтижелері бойынша сүтті ешкілердің тірілей салмағы аталықтарда 59,2–75,0 кг, аналықтарда 49,4–55,3 кг аралығында болды. Лактацияның 7-айындағы сүт өнімділігі 400–519 кг, ал орташа тәуліктік сүт мөлшері 1,9–2,5 кг құрап, сүтті ешкілерге қойылатын ең төменгі талаптарға сәйкес келді. 4 айлық жастағы шыбыштардың тірілей салмағы 21,8–23,6 кг, текешіктерде 23,0–29,4 кг болса, 8 айлық жаста бұл көрсеткіштер тиісінше 31,7–34,0 кг және
34,8–38,7 кг болды. Тірілей салмақ пен сүт өнімділігі арасында оң корреляция (+0,159), сондай-ақ сүт өнімділігі мен ақуыз мөлшері (+0,053…+0,198) арасында байланыс анықталды. Зерттеунәтижелері ешкілердің өнімділігі тұқымдық ерекшеліктерге ғана емес, азықтандыру мен күтіп-бағу жағдайларына да тәуелді екенін көрсетті.
Қорытынды. Қазақстанның табиғи-климаттық жағдайында тұқымаралық будандастыру сүтті
ешкілердің өнімділігі мен өсу қарқынын арттырудың тиімді тәсілі болып табылады. Зерттеу нәтижелері сүтті ешкі шаруашылығын селекциялық жетілдіру бағдарламаларын әзірлеуде қолдануға ұсынылады

Опубликован

2026-06-30

Выпуск

Раздел

Сельскохозяйственные науки