Тұйық сумен қамтамасыз ету қондырғылары жағдайында бекіре балықтарының маусымдық биоритмдерін реттеу нәтижесі
DOI:
https://doi.org/10.51452/kazatu.2025.3(127).2002Ключевые слова:
бекіре тұқымдас балықтар; қыстату бассейні; жыныс гонадалары; биопсия; тірі күйінде уылдырықтарды алу әдісі; температура.Аннотация
Алғышарттар мен мақсат. Бұл мақалада жасанды жағдайда өсірілетін бекіре тұқымдас балықтардан дәстүрлі әдіссіз, балықтарды өлтірмей тірі күйінде уылдырық алу мақсатында бірнеше әдістемелер қолданылуы кезіндегі ғылыми-зерттеу нәтижелері келтірілген. Сондай ақ тұйық сумен қамтамасыз ету қондырғылары (бұдан әрі - ТСҚеҚ) жағдайында бекіре балықтарының маусымдық биоритмдерін реттеу үшін балықтарды бонитировкалау, жынысқа жетілу сатыларын анықтау мақсатында ультра дыбыстық (УДЗ) аппараттары арқылы зерттеулер жүргізу және балықтардың уылдырыққа қай сатыға дейін жетілгенін толық анықтау мақсатында биопсия әдістемелерін пайдалану, бекіре тұқымдас балықтардан тірі күйінде уылдырық алу нәтижелері және зертханалық жүргізілген жұмыстардың негізгі ғылыми-зерттеу жұмыстары көрсетілген.
Материалдар мен әдістер. Зерттеу жұмыстарының нысандарына сүйрік балығының (Acipenser rithenus Linnaeus) 16+ жастағы 5 данасы, сібір бекіресінің (Acipenser baerii Brandt) 13+ жастағы 14 данасы және орыс бекіресінің (Acipenser guelden-staedtii Brandt et Ratzeburg) 13+ жастағы 11 данасы, сонымен қатар қортпа балығының (Huso huso Linnaeus) 9+ жастағы 7 данасы алынды. Зерттеу объектілерін іріктеу үшін балықтардың фенотиптық көрсеткіштері анықталып, бонитировка жасау арқылы жүргізілді, кейін жынысқа жетілуін анықтау үшін экспресс-әдістеме ретінде УДЗ (бұдан әрі - ультра-дыбыстық зерттеу) жүйесі қолданылды.
Нәтижелер. Зерттеу жұмыстарының нәтижелері бойынша бекіре тұқымдас балықтардың физиологиялық көрсеткіштері, гидрохимиялық және термикалық жағдайдағы бір ортада қыстағынымен жыныс өнімдерінің даму көрсеткіштері әртүрлі болып шыққаны айқын көрсетілген. Зерттеу нәтижелерінде ооциттердің ең оптимальды орташа поляризациялық коэффициенті, резорбциялық нәтижелері, түр аралық салмақтық ара қатынастары, уылдырықтату алдындағы жасанды қыстақ мерзімі мен температурасының нәтижелері келтірілген.
Қорытынды. Зерттеулердің нәтижелері алдағы уақыттағы бекіре тұқымдас балықтарды жасанды жағдайда өсіру кезіндегі технологияларды жетілдірудің жаңа қырларын ашуға және тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Зерттеу жұмыстарының нәтижелері бойынша ооциттердің ең оптимальды орташа поляризациялық коэффициенті 0,05 до 0,20 Кп аралығында ауытқитынын көрсетті. Ооциттердің поляризациясына байланысты уылдырықтату алдындағы жасанды қыстақ мерзімі 50-58 күнді құраса, ал температуралық режимы 5 °С- дан 22 °С дейінгі аралықта жоғары тиімділігі анықталды.