Асбұршақтың жапырылуға төзімділігін зерттеу

Авторы

  • Аринов Б.К. С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті
  • Мусынов К.М. С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті
  • Хасанова Г.Ж. С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті
  • Кипшакбаева А.А. С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті
  • Кузбакова М.М. С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті
  • Зайлашева А.А. Национальный центр биотехнологии

DOI:

https://doi.org/10.51452/kazatu.2025.3(127).1992

Ключевые слова:

ас бұршақ; жапырылғыштық; төзімділік; селекция; мұртты (жапырақсыз) морфотип; өнімділік.

Аннотация

Қазіргі уақытта біздің елімізде асбұршақтың жоғары технологиялық сорттарын өсіруге қызығушылық артып келеді, олар біркелкі пісумен, жоғары өнімділікпен және жапырылуға төзімділікпен сипатталады. Сөйтіп, жапырылуға төзімділік селекциясы – асбұршақ селекциялар бағдарламаларындағы – ең маңызды критерийлердің бірі болып табылады. Алайда, бұл дақыл жапырылуға бейім, өйткені сабақтың негізі бастапқыда жіңішкертілген және әлсіз, ал ас бұршақ сабағының беріктігінің генетикалық өзгергіштігі өте шектеулі. Селекцияның баяу қарқынына қарамастан, соңғы жылдары ас бұршақтың жаңа формаларының жапырылуға төзімділік көрсеткіштерін жақсартуда маңызды жетістіктерге қол жеткізілді. Елімізде көптеген өндірушілер детерминантты жартылай жапырағысыз қысқа сабақты сорттарды жоғары бағалайды. Мұндай асбұршақ өсімдіктері әдеттегі ауа-райы жағдайында піскенге дейін тік өседі, бұл өнім жинауды тезірек жүргізуге, жабдықты минималды бейімдеуге және тұқымның жоғары сапасын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Детерминантты емес сорттар, арамшөптермен жақсы бәсекелестікке және жылу стрестері бар қолайсыз жағдайларда тұқымның тұрақты өнімділігіне қарамастан, әдетте өнім жинау кезінде қатты жапырылады және арнайы жинау процедураларын қажет етеді. Егістік асбұршақтың гендік қоры (Pisum sativum L.) морфологиялық формалардың көп санымен ұсынылған, сонымен сорттары негізінен жапырақты және мұртты (жапырақсыз) морфотиптерге жатады. Жапырылуға төзімді болғандықтан, ең үлкен аумақтарды мұртты морфотиптің сорттары алады. Сонымен қатар, олардың жапырақ бетінің азаюы бірқатар жағымсыз салдарға әкеледі. Мақалада, соңғы 20 жылдағы, ғылыми еңбектерге әдеби шолу жасалды. Асбұршақ өнімділігін арттыру әдістеріне қатысты неғұрлым заманауи мәселелер бойынша дәлелді эксперименталдық базаны қамтитын өзекті ғылыми деректерге жүйелі шолу жүргізілді, олардың ішінде ең тиімдісі өндіріске жаңа жоғары өнімді технологиялық сорттарды шығару және енгізу болып табылады.

Опубликован

2025-09-30