Ақкекірелер (Asteraceae) тұқымдас өсімдіктердің ризосферасында таралған тұзға төзімді микроағзаларды іріктеу
DOI:
https://doi.org/10.51452/kazatu.2025.2(125).1836Ключевые слова:
микроағза; тұзды топырақ; Ақкекіре тұқымдасы; тұзға төзімділік.Аннотация
Алғышарттар мен мақсат. Топырақтың тұздануы жаһандық ауыл шаруашылығы өнімділігі мен азық-түлік қауіпсіздігін шектейтін негізгі факторлардың бірі болып табылады. Антропогендік әсерлер де ауыл шаруашылығы жерлерінің деградациясына ықпал етіп, құрғақ және жартылай құрғақ аймақтардағы тұздану процесінің ұлғаюына әкеп соғуда. Топырақтың тұздануы ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігі мен сапасының төмендеуіне ықпалын тигізіп отыр. Осыған орай тұзды топырақты биоремедиациялаудың жаңа жолдарын іздеу өзекті мәселелер қатарына жатады. Зерттеудің мақсаты - Солтүстік Қазақстанның тұзды топырағында өсетін Ақкекірелер тұқымдасына жататын өсімдіктердің ризосферасы микрофлорасын зерттеу және тұзға төзімді микроағзалардың жаңа штамдарын іріктеу.
Материалдар мен әдістер. Зертханалық жұмыстарды атқару барысында Ақкекірелер тұқымдасына жататын өсімдіктердің ризосферасы микроағзалар кешенінің сандық көрсеткіштері мен құрамы сұйылту әдісі арқылы тығыз қоректік ортаға себумен анықталды. Микробиологиялық талдау жасалып, таза культуралар бөліп алынды. Алынған культуралар картоп агарында хлорлы натрийдің 1%, 2%, 3%, 4%, 5%, 7% және 10% концентрациялары қосылған тығыз қоректік орталарға себілді. Ақкекірелер тұқымдасына жататын өсімдіктердің ризосферасында таралған микроағзалардың ішінен тұзға төзімді штамдар таңдап алынды.
Нәтижелер. Бұл мақалада Ақмола облысының Шортанды және Целиноград аудандарының тұзды топырағында өсетін Ақкекірелер тұқымдасына жататын бірнеше өсімдіктің ризосферасына микробиологиялық талдау нәтижесі келтіріліп, жаңа штамдар бөліп алынған. Ақкекірелер тұқымдасы ризосферасында таралған азоттың органикалық және бейорганикалық түрімен қоректенетін микроағзалар түрімен қатар топырақтағы целлюлозаны ыдырататын, азотты сіңіретін бактериялар, микроскоптық саңырауқұлақтар мен актиномицеттердің таралуына сипаттама берілген. Бөліп алынған штамдар хлорлы натрийдің әртүрлі концентрациясы қосылған селективті ортада тұзға төзімділік бойынша зерттеліп, нәтижесінде тұзды топырақ биоремидиясы үшін тиімді штамдартаңдап алынды.
Қорытынды. Ақкекірелер тұқымдасына жататын өсімдіктерді микробиологиялық талдау нәтижесінде 11 штамм бөліп алынды. Осы жаңа штамдарды NaCl қосылған картоп агарында өсіру арқылы тұзды ортаға төзімді 6 штамм алынды. Кейінгі зерттеулерде тұзды топырақты қалпына келтіру және ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттыру үшін микроорганизмдердің функционалдық топтары негізінде биологиялық препараттар әзірленетін болады.