Ақмола облысы жағдайында нөлдік және дәстүрлі технологиялардың әсерінен оңтүстік қара топырақтың қарашірінді құрамының өзгерісі

Авторы

  • Кекілбаева Г.Р. С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті https://orcid.org/0000-0002-8817-9767
  • Кәсіпхан А. С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті
  • Назарова А. Ж. С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті https://orcid.org/0000-0002-2511-6099
  • Бекназарова Р. Ж. С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті https://orcid.org/0009-0007-6371-1546
  • Звягин Г.А. С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті
  • Михайлов Д. П. С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті https://orcid.org/0009-0007-1645-9923

DOI:

https://doi.org/10.51452/kazatu.2024.4(123).1773

Ключевые слова:

гумин қышқылы; қарашірінді; минералды тыңайтқыш; оңтүстік қара топырақ; фульвоқышқылы.

Аннотация

Алғышарттар және мақсат. Мақалада карбонатты оңтүстік қара топырақтың агрохимиялық көрсеткіштері мен қарашірінді құрамына дәстүрлі және нөлдік өңдеу технологиясы аясында минералды тыңайтқыштың әсері қарастырылған. Қарашірінді мөлшерімен сапалық құрамы экологиялық жағдайдың өзгеруіне өте сезімтал. Сондықтан, топырақтың органикалық заттарын зерттеу топырақтанудағы шешуді қажет ететін ең маңызды мәселе болып табылады, себебі олар топырақтың генетикалық ерекшеліктерін ашып көрсету үшін, және де топырақты тиімді пайдалану мен құнарлығын арттыру үшін қажет.

Материалдар мен әдістер. Зерттеу жұмысы 2024 жылы Ақмола облысының оңтүстік қара топырағында жүргізілді. Топырақ қарашіріндісінің сапалық көрсеткішінің өзгеруін анықтау мақсатында, ұзақ жылдан бері нөлдік және дәстүрлі өңдеу технологиясы қолданылып келе жатқан А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының тәжірибе алқаптарында 3 топырақ кескіні салынды. Дәстүрлі өңдеу технологиясы топырақ қабатын аудара жырту, культивация немесе дискілеу, содан кейін тығыздау жұмысын қамтыды. Нөлдік технология бойынша топырақты өңдеу жұмыстары жүргізілмейді.

Нәтиже. Зерттеу нәтижесінде минералдық тыңайтқышты ұзақ мерзім қолдану қарашіріндінің сапалық құрамына біршама әсерін тигізгені анықталды, Сгқ:Сфқ = 1,2 арақатынасы бақылауда фульватты гуматты тип басым болса, тыңайтқыш енгізілген нұсқаларда сәйкесінше арақатынасы 2,0 және 2,3 артып, гуматты типке ауысқан. Дәстүрлі өңдеу технологиясында тыңайтқыштарды ұзақ уақыт қолданғанда, топырақ құрылымын және оның тұрақтылығын жақсартатын кальциймен байланысқан гумин қышқылдарының үлесінің жоғарылауымен қарашіріндінің өзгерісі байқалады.

Қорытынды. Дәстүрлі өңдеу технологиясы органикалық заттардың ыдырауын белсендіреді және нитратты азоттың мөлшерінің артуына ықпал етіп, бұл қысқа мерзімді перспективада топырақ құнарлығына оң әсерін тигізеді. Осылайша, минералды тыңайтқыштар қолданылатын өңдеу технологиясына байланысты қарашіріндінің пайда болуына, оның құрылымы мен тұрақтылығына айтарлықтай әсер етеді.

Опубликован

2024-12-03