ҚЫРЫҚҚАБАТ КҮЙЕСІНІҢ ҚОНЫСТАНУ ДӘРЕЖЕСІ МЕН ЗИЯНДЫЛЫҒЫ БОЙЫНША СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН АУМАҒЫН АГРОКЛИМАТТЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНЕ ҚАРАЙ ФИТОСАНИТАРЛЫҚ АУДАНДАСТЫРУ
DOI:
https://doi.org/10.51452/kazatu.2024.2(121).1678Ключевые слова:
рапс; қыша; қырыққабат күйесі; агроклиматтық аймақ; қоныстану дәрежесі; зияндылық; фитосанитарлық аймақ.Аннотация
Мақалада қырыққабат күйесінің қоныстану дәрежесі мен зияндылығы бойынша Солтүстік Қазақстанның айқышгүлді дақылдарының (рапс, қыша) фитосанитарлық жағдайы бойынша талдау нәтижелері келтірілген. Зерттелетін өңірлердің фитосанитарлық жай-күйін талдау үшін Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстары аудандарында қырыққабат күйесінін дамыуы мен таралу мәселелері зерделенді. Солтүстік Қазақстанның әртүрлі агроклиматтық аймақтарында осы зиянкестің қоныстануының орташа көпжылдық статистикасын анықтау мақсатында алынған мәліметтер Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының агроклиматтық аймақтарымен салыстырылды және картаға түсірілді. Солтүстік Қазақстанның агроклиматтық ресурстары бойынша материалдар мен деректер Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі «География институты» ЖШС анықтамалық материалдарынан алынды.