МИКРОАҒЗАЛАРДЫҢ КУЛЬТУРАЛДЫ СҮЗІНДІСІНІҢ БИДАЙ ДӘНІНІҢ ӨНГІШТІГІ МЕН ДАМУЫНА ӘСЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.51452/kazatu.2024.2(121).1646Ключевые слова:
биопрепараттар; микроағзалар; өсуді ынталандырушылар; қатты бидай; топырақ; көң.Аннотация
Мақалада ауыл шаруашылығы дақылының өнгіштігін арттыру мақсатында тиімді микроағзаларға негізделген биопрепарат әзірлеу үшін штамдардың өсуін ынталандыру қасиеттері зерттелді. «БИО-KATU» ЖШС микробиология зертханасында әртүрлі топырақ типтерінің, лайлы тұнбалардың, жылқы және сиыр көңдерінің микрофлорасы зерттеліп, нәтижесінде 45 таза микроағзалар культуралары бөлініп алынды. Зертханалық жағдайда штамдардың қатты бидай тұқымдарының өсу параметрлеріне әсері зерттелді. Бөлініп алынған штамдардың өсуді ынталандырушы қасиеттері қатты бидай тұқымдарының егістік сапасына оң әсерін көрсетті. Культуралды сүзінділермен тұқымды инокуляциялау қатты бидай өскінінің өсуін және олардың физиологиялық параметрлерін жақсартты, соның ішінде тамыр және өскіндер ұзындығының көрсеткіштерін біршама арттырды. Кейбір микроағазалар, мысалға №13, №15, №31, №43 штамдары қатты бидай тұқымдарының өнгіштігіне кері әсерін тигізді. Бұл нұсқаларда бақылау нұсқасымен салыстырғанда өнгіштіктің төмендеуі 2-22% құрады. Бөлініп алынған 45 штаммның 11 түрі тұқымның өнгіштігін 100%-ға дейін өсіруге қабілетті екені анықталды. Әртүрлі субстраттардан бөлініп алынған №40, №39, №34, №19, №45, №14, №37, №32, №41, №26, №29, №10, №25, №28, №33, №8, №14, №23, №25, №28, №33, №40, №43, №46 цитокининдік және ауксиндік әсер ететін микроағазалар штамдары бидай өсімдігінің өсуін ынталандыруға арналған жаңа биопрепараттар мен микроб текті тыңайтқыштар жасау үшін қолдануға ұсынылады.