ЭКОЛОГИЯЛЫҚ КОЭФФИЦИЕНТ АРҚЫЛЫ ТОПЫРАҚТАҒЫ ТҰЗДАНУ ҮДЕРІСІНІҢ ҚАУІПТІЛІК ДЕҢГЕЙІН НЕГІЗДЕУ

Авторы

  • Сейтқазиев Ә. С. М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті
  • Мұсаев А. М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті
  • Мұсабеков Қ. Қ. М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті
  • Естаев Қ. Ә. М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті
  • Райымбеков Д. Б. М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті

DOI:

https://doi.org/10.51452/kazatu.2024.1(120).1603

Ключевые слова:

боз-шалғынды топырақ; буланғыштық; сүзілу коэффициенті; тұздану дәрежесі; шаю мөлшері; экологиялық коэффициент.

Аннотация

Дәлелді көрсеткіштер арқылы ғылыми тұрғыда негізделген тұзды шаюдың тиімді әдісімен боз шалғынды тұзданған топырақтың шаю мөлшерін анықтау үдерісінде зерттелетін топырақтың тұздану үдерісінің қауіптілік деңгейін айқындайтын экологиялық коэффициенттердің болуы жұмыстың көкейкестілігін көрсетеді. Зерттеу барысында әртүрлі дәрежеде тұзданған боз-шалғынды топырақтың құрамындағы өзгерістерді анықтауға байланысты зерттеулер жүргізілді. Мұнда, монолиттік-далалық және зертханалық зерттеулер негізінде, тұзданған топырақтың сулы-физикалық және химиялық көрсеткіштерін анықтап, алынған мәліметтерді физикалық-математикалық модельдеу арқылы, тұзданған топырақтағы тұзды шаюға арналған тиімді, қауіпсіз су мөлшері экологиялық коэффициенттерді қолдану арқылы анықталды. Бұл аталған экологиялық коэффициенттерді анықтауда егістік алқабындағы топырақтың сулы-физикалық қасиеттеріне сәйкес, гранулометриялық құрамы су өткізгіштік қабілеті, керізді-коллекторлы жүйедегі судың ағыны ескерілді.

Загрузки

Опубликован

2024-03-26