«БЕНТОБАК» АЗЫҚ ҚОСПАСЫНЫҢ ҮЙРЕК БАЛАПАНДАРЫНЫҢ ӨСУІ МЕН ДАМУЫНА ӘСЕРІ

Авторы

  • Сагинбаева М. Б. С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті
  • Арын Б. Е С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті
  • Мұғжан А. А. С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті
  • Сенкебаева Д. Т. С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті

DOI:

https://doi.org/10.51452/kazatu.2024.1(120).1600

Ключевые слова:

Бентобак; үйрек балапандары; сақталуы; тірілей салмағы; үйректердің өсуі; азық қоспасы.

Аннотация

Бұл мақалада «Бентобак» азық қоспасының үйректердің өсуі мен дамуына әсері зерттеу жұмыстарының нәтижелері көрсетілген. Зерттеулер 2023 жылы Ақмола облысында, «Qaz Astana» ШҚ жүргізілді. Зерттеуге қойылған үйрек балапандарының бастапқы орташа тірілей салмағы 61,22 г және 64 г, зерттеудің соңында бақылау тобындағы үйректердің орташа тірілей салмағы 2,781 кг құраса, «Бентобак» азық қоспасы қосылған топтағы үйректердікі 2,913 кг болды және осы кезеңдегі орташа тәуліктік өсім бақылау тобында 55,5 г, ал тәжірибелік топта 58,5 г болды. Бақылау тобындағы үйректермен салыстыратын болсақ «Бентобак» азық қоспасы қосылған үйректердің өсу және даму деңгейі жоғары, сондай-ақ тәжірибелік топтағы үйрек балапандарының абсолюттік өсімі 5% артты. «Бентобак» азық қоспасын қолдану балапандардың асқазан-ішек жолдарының бұзылуын болдырмауға және олардың сақталуын 2% арттыруға мүмкіндік берді.

Загрузки

Опубликован

2024-03-26