ОРМАН ӨРТТЕРІН БОЛЖАУҒА АРНАЛҒАН ГЕОАҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕР (ГАЖ)

Авторы

  • Сагынбаева А. Б. Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті
  • Мамбетов Б. Т. Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті
  • Джаманова Г. И. Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті
  • Байгазакова Ж. М. Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті
  • Ержанқызы М. Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті
  • Адалқан О. Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті

DOI:

https://doi.org/10.51452/kazatu.2024.1(120).1592

Ключевые слова:

геоақпараттық жүйелер; FireWatch; орман жер бедері; орман екпелері; бағдарламалық есептеулер; оптикалық сенсорлық жүйелер; мемлекеттік орман табиғи резерва- ты.

Аннотация

Зерттеушілер мен ғалымдар ұзақ уақыт бойы орман өрттерінің жай-күйін болжауға тырысты. Орман өрттерімен күресудің нақты және сенімді құралдарының қажеттілігі, оның негізгі мақсаттары әртүрлі ресурстардың жағдайын бақылау және оларды ұтымды пайдалануды, жоспарлауды және болжауды, қауіпсіздікті қамтамасыз ету геоақпараттық жүйеге деген сұранысты арттырды. Мақалада орман өрттерін алдын алу мақсатында қолданылатын геоақпараттық жүйелер, заманауи ақпараттық технологияларды пайдаланатын шетелдік бағдарламалардың ерекшеліктерімен «Семей орманы» МОТР» РММ аумағында қолданылатын неміс технологиясы «Fire Watch» сканерлік бейнебақылау құрылғысы туралы қарастырылған. Сонымен қатар, соңғы 15 жыл ішінде болып өткен орман өртінің ауданыжәне өрттен кейін болған орман алқаптарындағы екпе жұмыстарының нәтижесі көрсетілген («Семей орманы» МОТР» РММ, Жаңасемей филиалы мысалында). Орман өрттерімен күресу жөніндегі геоақпараттық жүйені құрудың негізгі мақсаты – орман өрттерімен күресудің тиімділігін арттыру. Өрттен кейін келтірілген шығын көлемін бағалау маңызды, соған орай ақпараттық жүйенің көмегімен қызметкерлер мобильді құрылғыларды пайдалану арқылы нақты уақыт режимінде зақымдануды картаға түсіріп, хабарлай алады. Мақалада негізгі ұсыныстар өртті сөндірудің тиімділігін арттыру мақсатында өртпен күресу үшін заманауи технологияларды белсенді қолдану болып табылады.

Опубликован

2024-03-26