ЖҮЗІМДІ САҚТАУ КЕЗІНДЕГІ БИОХИМИЯЛЫҚ ӨЗГЕРІСТЕР
DOI:
https://doi.org/10.51452/kazatu.2023.3(118).1517Ключевые слова:
жүзім; сақтау; биохимиялық өзгерістер; Мускат; Қызыл Таң; ТайфиАннотация
Мақалада отандық селекцияның органикалық егіншілік жағдайында өсірілген жүзімді сақтау кезіндегі оның құрамындағы С витамині, құрғақ заттың массасы және ылғал мен қанттың массалық үлесінің динамикасын зерттеу жұмыстары келтірілген. Талдау жұмыстары сақтауға қойылған күннен бастап (қазан-қараша айлары) аяқталғанға дейін (желтоқсан айы) жүргізілді. Зерттеу нәтижесіне сүйенсек, барлық компоненттердің құрамындағы елеулі өзгерістер жүзімді тоңазытқышта сақтаудың алғашқы екі айында орын алған. Сонымен қатар, кальцийдің (Ca) де үлесі азайды. Мұны жидектегі ылғалдың булануымен және энергияның тыныс алуға жұмсалуымен түсіндіреміз. Температура төмендеген кезде жүзімде баяу биохимиялық процесстер жүреді. Реттелетін газ ортасы жағдайында сақтау технологиясы жүзім мен сүйекті жемістердің түрі мен дәмдік сипаттамаларын 7-9 айға сақтауға мүмкіндік береді. Бұл ретте қоймаға тиелетін өнім денсаулыққа зиянды химиялық құрамдармен жанаспайды және өзінің пайдалы қасиеттерін жоғалтпайды. Ең жақсы сақталған жүзім сорты қызғылт Тайфи болды, ал ең төменгі көрсеткішке Қызыл Таң сорты ие болды. Зерттеу нәтижесінде жидек шырынында кальцийдің ең көп мөлшері бар Қызыл таң сорты зерттеу кезеңінде тауарлық жүзімнің ең жоғары өнімділігіне ие болды