ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІК ШЫҒЫС ЖАҒДАЙЫНДА АЛМА БАҚТАРЫНДАҒЫ DIASPIDIOTUS PERNICIOSUS ПОПУЛЯЦИЯСЫНА ФЕРОМОНИТОРИНГ

Авторы

  • Бекназарова З. Б. «Ж.Жиембаев атындағы Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институты» ЖШС
  • Копжасаров Б. К. «Ж.Жиембаев атындағы Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институты» ЖШС
  • Исина Ж. М. «Ж.Жиембаев атындағы Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институты» ЖШС
  • Кошмагамбетова М. Ж. «Ж.Жиембаев атындағы Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институты» ЖШС
  • Сарбасова А.М. «Ж.Жиембаев атындағы Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институты» ЖШС

DOI:

https://doi.org/10.51452/kazatu.2023.3(118).1514

Ключевые слова:

калифорниялық қалқаншалы сымыр; бақылау; феромонды тұтқыштар; алма

Аннотация

Қазіргі таңда Қазақстанда жеміс шаруашылығы қарқынды дамуда. Дегенмен, жеміс шаруашылығына зиянын тигізетін зиянкестер саны да күннен
күнге артып келеді. Қазақстанға әлемнің түкпір түкпірінен отырғызу материалдары импортталып, соның салдарынан аса қауіпті карантинді нысандар саны да ұлғаюда. Солардың бірі елімізде карантиндік нысан болып саналатын калифорниялық қалқаншалы сымыр (Diaspidiotus perniciosus). Өкінішке орай жыл сайын жүргізілетін күресу шараларына қарамастан бұл зиянкеспен зақымдалған жемістер саны көбеймесе азаяр емес. Сондықтан калифорниялық қалқаншалы сымырдың ошақтарын анықтау, даму динамикасын анықтау және күрес шараларының уақытын оңтайландыру мақсатында феромониторинг жүргізу тиімді әдіс болып келеді. Мақалада Қазақстанның оңтүстік шығыс жағдайында алма бақтарда калифорниялық қалқаншалы сымырдың даму динамикасын анықтау мақсатында жүргізілген феромониторинг нәтижелері келтірілген. Зерттеу нәтижелері бойынша зиянкес аталықтарының ұшу динамикасы мен феромониторинг тиімділігі анықталды

Опубликован

2023-09-28