АҚ ДӨҢМАҢДАЙДЫҢ (HYPOPHTHALMICHTHYS MOLITRIX) ШӘУЕТТЕРІН ӘРТҮРЛІ КРИОПРОТЕКТОРЛАРМЕН КРИОКОНСЕРВАЦИЯЛАУ

Авторы

  • Асылбекова А. С. С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті
  • Баринова Г. К. С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті
  • Аубакирова Г.А. С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті
  • Кунчалеев Ж. Б. С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті
  • Мусина А. Д. С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті

DOI:

https://doi.org/10.51452/kazatu.2023.3(118).1509

Ключевые слова:

ақ дөңмаңдай; криоконсервация; криопротектор; шәует; сперматозоид; эквилибрация; ерітінді

Аннотация

Мақалада ақ дөңмаңдайдың шәуеттерін әртүрлі криопротекторларды қолдана отырып криоконсервациялау қарастырылды. Балықтардың репродуктивті жасушаларын криоконсервациялау генетикалық биоалуантүрлілікті сақтау, сондай-ақ балық шаруашылығы мен аквакультураны дамыту стратегиясының өзекті бағыты болып табылады. Криоконсервация процесінде екі криопротекторлық ерітінді бар компоненттер қолданылды: 1) 60 mM NaCl, 3 mM сахароза, этиленгликоль 5% және метанол 22%; 2) 110 mM NaCl, 240 mM KCl, 3,5 mM CaCl2, 1,5 mM MgCl2, 4,3 mM NaHCO3 және 18% ДМСО. Зерттеу нәтижелері бойынша ақ дөңмаңдайдың нативті шәуеттерінің сапасы орта есеппен 97,2±1,04% құрады. Эквилибрациядан кейін №1 ерітіндіде шәуеттердің қозғалғыштығы 85,2%, ал №2 ерітіндіде 87,4% құрады. Алынған нәтижелер бойынша №2 ерітінді (ДМСО 18%) тиімді болып табылды. Бұл ерітіндіні қолданған кезде ақ дөңмаңдайдың шәуеттерін белсендірілгеннен кейін 10 секундта сперматозоидтардың қозғалғыштығы 19%, ал бір минут ішінде 10,4% құрады. Метанол мен этиленгликоль негізіндегі №1 ерітіндіні пайдаланған кезде сперматозоидтардың орташа қозғалғыштығы 10 секундта 10% және бір минут ішінде орташа қозғалғыштығы 6% құрады. Екі ерітінді бойынша сперматозоидтардың мұздату жылдамдығы шамамен бірдей жылдамдыққа ие болды.

Опубликован

2023-09-28