ЖАЗДЫҚ БИДАЙ СОРТТАРЫ ТҰҚЫМДАРЫНЫҢ ӨНГІШТІК КӨРСЕТКІШТЕРІНЕ ҚҰРҒАҚШЫЛЫҚТЫҢ ƏСЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.51452/kazatu.2023.3(118).1503Ключевые слова:
Жаздық жұмсақ бидай; сорт; тұқым; өнгіштік; құрғақшылық; төзімділік; морфологиялық белгілерАннотация
Қазіргі таңдағы әлемдегі орын алып отырған ылғал тапшылығында пайдалы морфологиялық және физиологиялық реакцияларды көрсете алатын, болашағы бар генотиптерді таңдауда жаздық жұмсақ бидайдың алғашқы өсіп-даму кезеңдері де өте маңызды болып табылады. Мақалада Солтүстік Қазақстан өңірінде өсіруге ұсынылған орта мерзімде пісетін жаздық бидай генотиптері
өскіндерінің морфологиялық белгілерінің қалыпты және жасанды құрғақшылық стрессі жағдайларындағы өзгерістері анықталды.
Құрғақшылық жағдайына барлық жаздық жұмсақ бидай сорттарының реакциясы байқалып, өскіндердің өсіп-дамуы нашарлап, өміршеңдік индексінің төмендеуіне (SVI 8,86 % дейін) алып келді. Құрғақшылыққа біршама төзімді генотиптер тамыр жүйесін вегетативті массаға қарағанда қарқынды түрде арттырып, бақылау нұсқасына қарағанда тамыр мен өркен қатынасын RSR - 0,23 бірлікке жоғарылатты. Құрғақшылыққа жоғары төзімділік тамыршаның ұзындығы (r=0,79) мен тамыршаның пайда болу бұрышына (r=0,71) тікелей тәуелді болып келетіндігі дәлелденді. Жаздық жұмсақ бидайдың құрғақшылыққа төзімді сорттарын таңдауда ұрықтық тамыршаларының қарқынды дамуы мен тамыршаның пайда болу сипатына назар аудару ұсынылды.