АЗЫҚ ТҮРЛЕРНІНІҢ БҰЗАУЛАРДЫҢ ӨСУІНЕ ӘСЕРІ

Авторы

  • Каменов М. Т С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті
  • Шайкенова Қ. Х. С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті
  • Исабекова С. А. С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті
  • Ускенов Р. Б. С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті
  • Балджи Ю. А. С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті
  • Бигарина А. Н. С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті

DOI:

https://doi.org/10.51452/kazatu.2023.3(118).1479

Ключевые слова:

сүт алмастырғыш (ЗЦМ); экструдталған азық; бастапқы жем; дене индексі; тірі салмақ; өсу динамикасы; бұзаулар

Аннотация

Мақалада «Айна» сүт фермасы ЖШС жағдайында голштино-фриз тұқымы бұзауларын өсіруге арналған ғылыми зерттеулердің нәтижелері келтірілген. Бұзаулардың өсуі мен дамуын зерттеу үшін қос –аналогтық әдіс бойынша 3 топ құрылды. 1-топ негізгі рацион мен 2-топ сүт алмастырғыш+«Гаврюша», 3-топ сүт алмастырғыш + «NFT КАТУ» экструдталған азығымен азықтандырылды. Тәжірибеге алынған бұзауларды күтіп-бағу жағдайлары бірдей болды. Әдістемеге сәйкес туылғаннан 6 айға дейінгі үш топтағы бұзаулардың тірі салмағының динамикасы бойынша зерттеулер жүргізілді. Алынған экстерьерлік көрсеткіштерге талдау жүргізілді, яғни бұзаулардың дене өлшемдері мен дене бітімінің индекстері анықталды. Зерттеу барысында 3 айлықтарында екінші тәжірибелік топтағы бұзаулардың тірі салмағының көрсеткіштері басқа топтардағы (I-III) бұзауларға қарағанда, тиісінше 7,8 кг (8,8%) және 6,8 кг (7,7%) жоғары болды, ал 6 айлығында екінші тәжірибелік топтағы бұзаулар (I-III) топпен салыстырғанда, тиісінше 34 кг немесе 23% және 24 кг немесе 16% асып түсті. Ал абсолюттік өсім бойынша да екінші тәжірибелік топтағы бұзауларының көрсеткіштері I-III топпен салыстырғанда? 3 айлығында 22,6 кг деңгейінде (8%) жоғары болса, ал 6 айлық жаста бұл көрсеткіш 23,4 кг немесе 5% және 26,9% жоғары болды. Бір айлық бұзаулардың дене бітімінің индекстері салыстырмалы түрде бірдей болғанмен, кеуделілік индексі бойынша екінші топтағы бұзаулардың көрсеткіштері 3,25% және 3,27% жоғары болды. Екінші тәжірибелік топтың алты айлығындағы дене жұмырлығы индексі 116,6% құрады, яғни I-III екі топ бұзауларымен салыстырғанда 2,97% және 5,47% жоғары болғаны байқалды. Тәжірибе тобы бұзауларының көрсеткіштер негізінде зерттеу алынған барлық дене бітімі индекстері жоғары көрсеткіште болды. Голштин-фриз тұқымы сиырларын өсіретін шаруашылықтарға бұзауларды өсіру барысында оларды сүт алмастырғыш + «NFT КАТУ» қосылған рационмен азықтандыру ұсынылады.

Опубликован

2023-09-28