БИОТЫҢАЙТҚЫШТАРДЫҢ СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЖАҒДАЙЫНДА ЖАЗДЫҚ АРПАНЫҢ САҢЫРАУҚҰЛАҚ АУРУЛАРЫНЫҢ ТАРАЛУЫНА ӘСЕРІ

Авторы

  • Шуменова Н. Ж. С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті
  • Науанова А. П. С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті
  • Тюфекчиоглу А. Артвин Корух Университеті (Турция)

DOI:

https://doi.org/10.51452/kazatu.2023.3(118).1476

Ключевые слова:

биотыңайтқыштар; тұқым; фитопатогенді саңырауқұлақтар; жаздық арпа; Триходермин-КZ

Аннотация

Жоғары қарқынды ауыл шаруашылық өндірісінің заманауи даму ағымы тыңайтқыштарды, өсімдіктердің өсуін реттегіштер мен үдеткіштерді қолдану жолдарын табуды көздейді. Сондай-ақ өсімдік шаруашылығында
биотыңайтқыштарды қолдану да ауыл шаруашылығында өнімділікті арттырудың бірден-бір жолы болып табылады. Зерттеулер 2021-2022 жылдары А. И. Бараев атындағы Астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының базасында ризосфералық микроорганизмдер негізінде құрылған биотыңайтқыштардың тамыр шірігі мен арпа жапырағы дақтарының таралуына әсерін бағалау үшін жүргізілді. Зерттеу нысандары ретінде «Целинный 2005» жаздық арпа сорты таңдалды. С. Сейфуллин
атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің ғалымдары әзірлеген Compo-MIX, Аграрка, Agro-MIX және Триходермин-КZ отандық
өндірістің биотыңайтқыштарының фитопатогенді саңырауқұлақтарға әсері зерттелді. Зерттеу нәтижелері арпа тұқымын биотыңайтқыштармен өңдеу егістікте фитопатогенді Fusarium, Bipolaris және Alternaria
саңырауқұлақтарының таралуын тежеді. Жүргізілген зерттеулердің нәтижелері бойынша сыналған микроб текті биотыңайтқыштардың белсенділігі тамыр шірігі ауруына қарсы күресуде жоғары тиімділік көрсетті.
Тәжірбие нұсқаларында арпа дақылының көктеу кезеңінде тамыр шірігі ауруына қарсы биологиялық тиімділігі 64,3% - дан 85,7% -ға дейін ауытқыды. Арпаның өсуі мен дамуы кезінде Trichoderma саңырауқұлақтары негізде жасалған биотыңайтқышты қолдану жапырақ дақтары мен тамыр шірігінің таралуын 50% - дан 69,4% - ға дейін шектеді.
Арпаның аурумен зақымдалған тұқымында, тамыр аймағы мен сабақ бөлігінде F.graminearum, F.oxysporum, F.sporotrichiella, F.heterosporum, А.tenuis және B.sorokiniana патогенді саңырауқұлақтары таралғаны анықталды.

Опубликован

2023-09-28