ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘРТҮРЛІ ТАБИҒИ-КЛИМАТТЫҚ АЙМАҚТАРЫНДАҒЫ БАЛ ӨСІМДІКТЕРІНІҢ ТОЗАҢ ТҮРЛЕРІН АНЫҚТАЙ ОТЫРЫП, БАЛДЫ ПАЛИНОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛДАУ
DOI:
https://doi.org/10.51452/kazatu.2023.3(118).1454Ключевые слова:
палинологиялық талдау; бал; тозаң; флорамамандану; флоромиграция; бал өсімдіктері; бал араларыАннотация
Мақалада балдың құрамын анықтау үшін палинологиялық талдау нәтижелері келтірілген, олардың негізінде бал жинауға қатысқан бал өсімдіктерінің түрлері анықталды. Бал құрамындағы бал дақылдарының әртүрлілігі мен саны жиналған тозаңға аралардың флоромиграция және флораспециализация қабілетіне байланысты. Бал тозаңын талдау - балдың сапасын зерттеу үшін қолданылатын алғашқы әдістердің болып табылады.
Палинологиялық талдау нәтижелері бойынша «Королева Сот» ЖК бал өсімдіктерінің тозаң түрлері - Рsoralea drupacea– 37,3%; Sophora sp – 16,9% құрайды. Зерттелген үлгінің ботаникалық шығу тегі бойынша «Королева Сот» ЖК балы аққурай балы болып табылады. «Глотова» ЖК бал өсімдіктерінің тозаңының басым түрлері – Lythrum sp. - 69,1%; Caragana sp.- 9,2%; Echium vulgare – 9,2%.
Зерттелген үлгінің ботаникалық шығу тегі бойынша «Глотова» ЖК жыңғыл балы болып табылады. «Майер» ЖК бал өсімдіктерінің келесі түрлері - Caragana sp.- 20,1%; Malus sp. – 19,4%. Шырынсыз өсімдіктер - Potentilla sp. -12,4алынды. Палинологиялық талдаудың нәтижелері бойынша сапалы құрамын зерттей отырып, бал өсімдіктерінің қатысу үлесін анықтауға болады деген қорытынды жасауға болады. Жүргізілген зерттеулер нәтижесінде бал үлгілері нормативтік талаптарға сәйкес келетін табиғи сапалы өнімдер болып табылатыны анықталды. Нәтижелер ботаникалық дереккөз туралы ең көп ақпарат береді: басым және жалғыз тозаңда бал жинау жүзеге асырылатын басым және бірлік бал өсімдіктерінің тізімі жасалады.